ЭНТОМОПАТОГЕНДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚ BEAUVERIA BASSIANA-НЫҢ HALYOMORPHA HALYS-ҚА ӘСЕРІ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1072202610

Ключові слова:

Halyomorpha halys, Beauveria bassiana, энтомопатогенді саңырауқұлақтар, биологиялық бақылау, инвазивті зиянкестер, өлім-жітім

Анотація

Halyomorpha halys (қоңыр мәрмәр қандала) – жеміс, көкөніс және бау-бақша дақылдарына елеулі экономикалық зиян келтіретін инвазивті полифагиялық зиянкес. Түрдің жоғары көбею қабілеті, кең қоректік спектрі және әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделуі оның көптеген елдерде тез таралуына себеп болды. Beauveria bassiana энтомопатогенді саңырауқұлағы жоғары патогенділігі мен экологиялық қауіпсіздігіне байланысты зиянкестермен биологиялық күресте перспективалы агент болып табылады. Зерттеудің мақсаты H. halys-тің әртүрлі даму сатыларына қарсы B. bassiana жергілікті изолятының тиімділігін бағалау болды.

Зертханалық жағдайда жұмыртқалар, нимфалар және ересек дарақтар 1×10⁵–1×10⁸ конидия/мл концентрацияларындағы конидиялық суспензиялармен өңделді. Өлім-жітім деңгейі, инфекцияның даму динамикасы, LT₅₀ және LT₉₀ көрсеткіштері, сондай-ақ саңырауқұлақтың сублетальді әсерлері зерттелді. Нәтижелер конидиялар концентрациясының жоғарылауымен өлім-жітім деңгейінің де артқанын көрсетті. Ең жоғары әсер 1×10⁸ конидия/мл концентрациясында байқалды: нимфалардың өлім-жітімі 98%-ға, ересек дарақтардың өлім-жітімі 95%-ға және жұмыртқалардың өлім-жітімі 74%-ға жетті. Сонымен қатар, ең жоғары концентрацияда LT₅₀ көрсеткіші 3,7 тәулікті құрады, бұл жергілікті изоляттың жоғары вируленттілігін көрсетті. Сондай-ақ саңырауқұлақ әсерінен қоректену белсенділігінің төмендеуі, қозғалу қарқындылығының әлсіреуі және репродуктивтік көрсеткіштердің нашарлауы байқалды.

Алынған нәтижелер Beauveria bassiana жергілікті изолятының Halyomorpha halys-ке қарсы жоғары энтомопатогендік белсенділік көрсететінін және оны зиянкестермен күрестің интеграцияланған биологиялық бағдарламаларында қолдану перспективалы екенін дәлелдейді.

Біографії авторів

  • автор Ә.Н. Махамбетов, афіліація «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты», Алматы, Қазақстан

    Махамбетов Әлібек – ҚР ҒЖБМ ҒК ШЖҚ РМК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» Молекулалық биология зертханасының лаборанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: alibek2904@mail.ru)

  • автор Р.T. Кенжебекова, афіліація «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты», Алматы, Қазақстан

    Кенжебекова Роза – ҚР ҒЖБМ ҒК ШЖҚ РМК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» Молекулалық биология зертханасының ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, e-mail: rozakenzhebekova344@gmail.com)

  • автор Б. Дулат, афіліація «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты», Алматы, Қазақстан

    Дулат Бақыт – ҚР ҒЖБМ ҒК ШЖҚ РМК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» Молекулалық биология зертханасының лаборанты, AgriBioTech ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС (Алматы, Қазақстан, e-mail: bahytalt99@gmail.com).

  • автор З.K. Даирбекова, афіліація «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты», Алматы, Қазақстан

    Даирбекова Зарина – ҚР ҒЖБМ ҒК ШЖҚ РМК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» Молекулалық биология зертханасының лаборанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: dairbekovaz2001@gmail.com).

  • автор Д.A. Гриценко, афіліація «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты», Алматы, Қазақстан

    Гриценко Диляра (хат-хабар алмасуға жауапты автор) – PhD, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК ШЖҚ РМК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» Молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, AgriBioTech ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС (Алматы, Қазақстан, e-mail: d.kopytina@gmail.com)

Завантаження

Опубліковано

2026-06-20

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають