ТЕРЕҢ-УЗЕК КЕН ОРНЫНЫҢ БАКТЕРИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН МЕТАГЕНОМДЫҚ ТАЛДАУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb2025103210

Ключові слова:

Мұнай қабаты, микрофлора, микробиологиялық мәртебе, экстремалды жағ- дайлар.

Анотація

Өнімділігі төмен мұнай қабаттарының микробтық жағдайы мен физика-химиялық ерекшеліктерін анықтау – суланған ұңғымалардан қиын алынатын мұнайды өндіруге бағытталған экономикалық жағынан тиімді биотехнологияларды енгізудің негізгі шарты болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты – «Терен-У  зек» кен орнындағы суланған мұнай қабаттарының микробиологиялық және физика-химиялық жағдайын метагеномдық талдау әдістері арқылы анықтау болды. Жұмыс барысында қабат суларынан алынған үлгілердің физика-химиялық көрсеткіштері өлшеніп, микроб қауымдастығының таксономиялық құрамын бағалау үшін 16S рРНҚ гендерінің жоғары өнімділікпен секвенирлеуі жүргізілді.800–850 м тереңдікте 21 °C температурада анықталған жоғары минералдану мен экстремалды тұзды орта осы ортаға бейімделген микроағзалардың өмір сүруіне ерекше жағдайлар туғызатыны анықталды. Суланған мұнай қабаттарының микробиотасы тек Bacteria доменімен сипатталады, ал тип (Phylum) деңгейінде негізінен Actinobacteria мен Proteobacteria өкілдері кездеседі. Класс деңгейінде таксономиялық әртүрлілік төмен болып, Actinobacteria мен Gammaproteobacteria басымдық танытатыны көрсетілді.Бактериялық қауымдастықтың негізгі бөлігін Dietzia (39,67%) және Halomonas (35,17%) туыстары құрайды, бұл анықталған тізбектердің жалпы санының 74%-дан астамын құрайды. Қалған туыстар аз мөлшерде кездеседі: Janibacter (3,21%), Bacillus (2,12%), Georgenia (2,11%), Arthrobacter (2,01%) және Marinobacter (1,38%).Зерттелген мұнай қабаттарының жағдайлары микроағзалар негізіндегі (MEOR) технологияларын қолдануға әлеуетті мүмкіндік береді, ал анықталған таксондар мұнай өндіруді арттыру мен мұнаймен ластануды биодеградациялау бағытындағы биотехнологиялық зерттеулер үшін қызығушылық тудырады.

Біографії авторів

  • автор Г.К. Кайырманова, афіліація Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты

    Кандидат биологических наук, ассоциированный профессор, Казахский национальный университет им. Аль-Фараби (Алматы,  Казахстан,  e-mail: kaiyrman@mail.ru.)

  • автор Ә. Е. Асылбек, афіліація Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты

    магистр, Казахский национальный университет им. Аль-Фараби (Алматы,  Казахстан,  e-mail: alisherasilbek162@gmail.com.)

  • автор А.К. Ерназарова, афіліація Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты

    Кандидат биологических наук, Казахский национальный университет им. Аль-Фараби (Алматы,  Казахстан,  e-mail: aliya.yernazarova@kaznu.edu.kz.)

  • автор Ұ.Т. Шаймерденова, афіліація Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты

    PhD студент, Казахский национальный университет им. Аль-Фараби (Алматы,  Казахстан,  e-mail: shaimerdenovau@gmail.com.)

  • автор А.Ж. Нурканова , афіліація Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты

    Магистрант, Казахский национальный университет им. Аль-Фараби (Алматы,  Казахстан,  e-mail: almmmnur@gmail.com)

Завантаження

Опубліковано

2025-06-20

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають