СЕМЕЙДІҢ ҚАРАҒАЙЛЫ ОРМАНЫНДА ӨСЕТІН ҚЫНАЛАРДЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510322

Ключові слова:

Семейдің қарағайлы орманы, қыналар, эпифитті қыналар, эпигейлі қыналар, Сladonia rangiferina

Анотація

Қазіргі  кезде  климаттың  өзгеруінің жер  бетіндегі    жануарлар мен   өсімдіктерге     тигізетін  әсері  өте  жоғары.    Әсіресе,  бұл  тірі  организмдердің  санының  шектелуі,  жойылуы немесе  шектен  тыс  көбеюі,  яғни, экологиялық   жүйенің   тепе-теңдігінің   бұзылуы  сияқты  факторларды  тудырады.   Осыған  орай, Қазақстанның  барлық  аймақтарында   флоралық  және  фауналық  зерттеу  жұмыстарын   жүйелі  түрде  жүргізу    ең  басты  міндеттердің  бірі   болып   табылады. 
Бұл мақалада   Абай  облысына қарасты, Ертіс  өзенінің  жағалауында   орналасқан  Қарағайлы   орман  алқаптарындағы   қоныстанған қыналардың түрлік құрамы,  тіршілік формасы мен экологиясы, кездесу жиіліктеріне  байланысты  зерттеу  жұмыстарының   нәтижелері берілген.
Зерттеу жұмысының негізгі  мақсатына    Кәдімгі  қарағай (Pinus  sуlvestris L.) орман алқаптарының  белгілі  бір   аймақтарындағы   қына  түрлерін  анықтай  отырып,  олардың  биологиялық  және  экологиялық  ерекшеліктерін  қарастыру.   
Алынған  аймақта      түпкілікті  зерттеу  жұмыстары  44 жыл  бұрын    жүргізілген.   Осыған  орай,  қарағайлы  орманның   негізгі  өсімдіктер  бірлестірін  құрайтын,  орман экосистемасында   негізгі  рөл  атқаратын  қыналар  зерттеу  обьектісі  ретінде   алынды.  
Кездесу жиіліктерін анықтау   Друде шкаласымен,  қына түрлерін   анықтау  анықтағыштар және  сканерлік  микроскоп көмегімен алынған фотосуреттерді  қолдану арқылы   жүзеге асырылды.

Біографії авторів

  • автор Ә.Ж. Жұманиязова , афіліація Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті, Өскемен, Қазақстан

    Жұманиязова Әйгерім Жұманиязқызы (корреспондент автор) – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің биология кафедрасының 1 курс докторанты (Өскемен қаласы, Қазақстан, aiko-13.10.92@mail.ru)

  • автор Б.М. Силыбаева , афіліація Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан

    Букабаева Жанылхан Тусупжановна -Alikhan Bokeikhan University, қолданбалы биология кафедрасының меңгерушісі, PhD (Семей қаласы, Қазақстан, zhanilxan79@mail.ru )

  • автор Ж.Т. Букабаева , афіліація Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан

    Силыбаева Батияш Мукановна - Alikhan Bokeikhan University, қолданбалы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к. (Семей қаласы, Қазақстан, batiyashsilybaeva@mail.ru )

  • автор Н.С. Кунанбаева , афіліація Alikhan Bokeikhan University, Семей, Казахстан

    Кунанбаева Нургуль Сериковна- Alikhan Bokeikhan University, қолданбалы биология кафедрасының аға оқытушысы, магистр  (Семей қаласы, Қазақстан,  nskunanbayeva78@mail.ru )

  • автор А.Н. Ануарбекова, афіліація Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан

    Ануарбекова Арай Нұрлыбекқызы - Alikhan Bokeikhan University, қолданбалы биология кафедрасының оқытушысы, магистр (Семей қаласы, Қазақстан, anuarbekova98@inbox.ru )

Завантаження

Опубліковано

2025-06-20