IЛЕ-БАЛҚАШ ӨҢІРІНДЕГІ ZYGOPHYLLUM FABAGO L. (ZYGOPHYLLACEAE) ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510438

Ключові слова:

Zygophyllum fabago L.; Zygophyllaceae; ценопопуляция; Іле-Балқаш өңірі.

Анотація

      Мақалада Алматы облысының Іле-Балқаш өңіріндегі өсетін Zygophyllum fabago L. (Zygophyllaceae) популяцияларының экологиялық және биологиялық ерекшеліктері қарастырылған. Бұл түрдің ценопопуляцияларының қазіргі жағдайы, морфологиялық сипаттамалары, тіршілік формалары мен экологиялық реакцияларының тұзды және жартылай шөлді экожүйелер жағдайында бейімделуі талданған. Zygophyllum fabago L. популяцияларының флорасы 20 тұқымдас, 47 туыс және 71 түрден тұрады. Басым экологиялық топтар ксерофиттер (42,25%), мезоксерофиттер (28,17%) және мезофиттер (14,08%) болып табылады. Негізгі тұқымдастар: Chenopodiaceae (21,13%), Fabaceae (16,90%) және Asteraceae, олар бірге флораның 60,56%-ын құрайды. Зерттеу нәтижесінде Zygophyllum fabago L. тұзды топыраққа жоғары бейімділігі анықталып, оның топырақты тұрақтандыруда және биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқаратыны дәлелденді. Халық медицинада Zygophyllum fabago L. антисептиктік, қабынуға қарсы және жара жазатын құрал ретінде қолданылады. Zygophyllum fabago L. популяцияларының флорасына таксономиялық, экологиялық және географиялық талдау Іле-Балқаш өңірінің экожүйелерінің бірегейлігін атап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері бұл түрді сақтау және оның ресурстарын тұрақты пайдалану бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін айқындайды.

Біографії авторів

  • автор Г. Кайранова , афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты (эл. пошта: gulzat-amanzholova@mail.ru ; ORCID: 0009-0002-8063-5403).

  • автор А. Мамурова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (эл. пошта: amamurova81@mail.ru ; ORCID: 0000-0002-4676-9443).

  • автор Г. Есжанова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Іргелі медицина кафедрасының аға оқытушысы, Медицина және денсаулық сақтау факультеті, әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан (эл. пошта: g.yeszhanova@mail.ru; ORCID: 0009-0002-1597-6092).

  • автор A. Рахымжан, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Іргелі медицина кафедрасының доцент м.а., Медицина және денсаулық сақтау факультеті, әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан (ORCID: 0000-0003-3152-1557).

  • автор A. Бейатлы, афіліація Медицина Ғылымдарының Университеті, Ыстамбұл, Түркия

    Стамбұл, Түркия, Медицина ғылымдарының университеті, дәрілік және хош иісті өсімдіктер кафедрасының PhD профессоры (ORCID: 0000-0001-5225-6217).

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20

Як цитувати

IЛЕ-БАЛҚАШ ӨҢІРІНДЕГІ ZYGOPHYLLUM FABAGO L. (ZYGOPHYLLACEAE) ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ. (2025). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 104(3), 100-110. https://doi.org/10.26577/bb202510438