ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫРТҚЫШ ЖАРТЫЛАЙ ҚАТТЫҚАНАТТЫЛАР (HETEROPTERA) ФАУНАСЫНА
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2021.v86.i1.011Анотація
Жартылай қаттықанаттылар шала түрленіп дамитын насекомдардың ең үлкен тобы болып табылады. Жартылай қаттықанаттардың негізгі бөлігі құрлық насекомдары, олар топырақта, өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде, орман жабынында және т.б. жерлерде тіршілік етеді. Олардың арасында жыртқыш немесе аралас қоректі көптеген түрлер бар, бірақ өсімдікқоректі түрлер басым; кейде жаппай көбейіп, олар орман мен егістіктерге айтарлықтай зиян келтіреді. Зерттеулер 2019-2020 жылдары Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның түрлі биотоптарында жүргізілді. Насекомдарды жинау үшін әртүрлі әдістер қолданылды: насекомдарды аулау стандартты энтомологиялық сүзгімен, ұсақ жәндіктерді эксгаустермен, қолмен жинау, жасанды жарық көзіне жинау және т.б. жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде зерттелген аймақта жыртқыш жартылай қаттықанаттылардың 5 тұқымдасына жататын 32 түрі анықталды. Олардың ішінде түр алуантүрлілігі бойынша басым тұқымдастар: Nabidae – 11 түр (34%), Anthocoridae – 7 түр (23%), Pentatomidae – 6 түр (22%), ал Reduviidae және Miridae тұқымдастарынан – 4 түрден (әрқайсысы 12%). Экологиялық ерекшеліктері бойынша келесі топтарға бөлінген: ксерофилдер (3 түр, 9%), мезофилдер (28 түр, 87%) және гигрофилдер (1 түр, 4%). Тіршілік айналымы бойынша Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның жартылай қаттықанаттылардың жыртқыш түрлерінің барлығы 3 топқа бөлінген: моновольтинді түрлер – 24 (76%), бивольтинді түрлер – 4 (12%), поливольтинді түрлер – 2 (6%), ұрпақтар саны белгісіз - 2 түр (6%). Олардың ішінде ересектер сатысында қыстайтын түрлер басым (22 түр, 69%), ересектер мен дернәсілдері сатысында (2 түр, 6%), жұмыртқа сатысында (8 түр, 25%). Picromerus lewisi Scott, 1874 Қазақстан аумағында алғаш рет кездесіп отыр.
Түйін сөздер: фауна, жыртқыш жартылай қаттықанаттылар, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан.








