Бройлердің пробиотикалық препаратын өндіруде шұбаттан бөлінген сүт қышқылды бактерияларды қолдану мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2020.v85.i4.07Ключові слова:
probiotic bacteria, functional properties, shubat, poultryАнотація
Бірқатар белсенді қатысты патогендердің пробиотикалық препараттарды өндіру және әзірлеу сонымен қатар тамақ өндірісінде дәстүрлі антибиотикалық препараттарды қолданудан бас тартудан жаһандық беталысыда өзектілігі арттырылып жатыр. Осыған себепші антибиотикке қарсы тұрақталуының артуы, мысалға, атап айтқанда мына патогенді сынақ штамдарында байқалды: Escherichia coli, Staphylococcus aureus, Listeria monocytogenes, Salmonella typhi. Шұбат пен түйе сүтінде сүт қышқылының ең көп таралған Enterococcus spp., Lactococcus spp., Lactobacillus spp., Leuconostoc spp сияқты бактерия өкілдері кездестіріледі. Микроорганизмдердің бұл түрлері функционалды пробиотикалық қасиеттерге ие, олар ауылшаруашалығының мал және құстарға арналған пробиотикалық препараттарды әзірлеуде өз қолданысын таба алады. Мақалада түйе сүтіндегі лактобактеридың функционалды пробиотикалық қасиеттері зерттеу нәтижелері және құстар шаруашылығында осы штамдардың қолдану мүмкіндігі туралы мәліметтер келтірілген. Пробиотикалық потенциалды бағалау әдістері сипатталған, оның ішінде: ас қорыту жүйесінің агрессивті ортасында өмір сүру мүмкіндігі, антагонистік белсенділігі зерттеу, биологиялық белсенді заттардың адгезиясы және синтезі. Бұл тақырыпты зерттеу өзекті болып табылады және ветеринарлық пробиотикалық препараттарды өндіруде кең мүмкіндіктерге ие, мысалға өсу факторы ретінде антибиотикалық заттарды азайту, олардан бас тарту және жануарлардың бактериялық ауруларына қарсы тұру мақсатында.








