Талас өзені аңғарындағы табиғи мал жайылымдарындағы өсімдіктер қауымдастықтарының ерекшеліктері

Автор(и)

  • Zh. B. Konyrova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • A. N. Davletova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • А. Т. Kuatbayev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • S. K. Tairova «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы,Алматы қ.
  • S. T. Nazarbekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Ключові слова:

доминант түрлер, жайылым, өсімдіктер жабыны, өсімдіктер тұқымдастары, флоралық құрамы, шабындық.

Анотація

Жайылым – бұл мал бағуға арналған ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер ғана емес, дәл осы саланың дамуымен барлық мал шаруашылығын өркендету, халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері байланысты болып табылады. Жайылымдар инфрақұрылымының жай-күйін жақсарту, жайылым жерлерінің тозуын болдырмау, қоршаған ортадағы жайылым экожүйелерінің экологиялық тұтастығын сақтау қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.  Талас өзені Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады. Мақалада Талас ауданына қарасты Талас өзені аңғарындағы табиғи мал жайылымдарыныңөсімдіктер қауымдастықтарының флоралық құрамы анықталып, маңызды өсімдіктер топтарына сипаттама берілген. Зерттеу нысаны ретінде Талас ауданындағы Кеңес және Шакиров ауылдық округтері алынды. Талас ауданының Кеңес және Шакиров ауылдық округіндегі өсімдік жабынының флоралық құрамы – 22 тұқымдас, 65 туысқа жататын 97 өсімдік түрінен тұрады. Кездесетін түрлер саны жөнінен басым алғашқы бес орынды Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae Vent), Қоңырбастар (Poaceae Barn.), Күрделігүлділер (Asteraceae Bercht), Бұршақ тұқымдасы (Fabaceae Lindl), Лалагүлділер (Liliaceae Hall) алады. Қорғасыншөптер (Plumbaginaceae Juss.), Түйетабандар (Zygophyllaceae R.BR.), Крестгүлділер (Cruciferae Juss.), Қияқөлеңдер (Cyperaceae Juss.), Қалампырлар (Caryophyllaceae Juss.) мен Құртқашаштар тұқымдастары (Iridaceae Juss.) 1–4 түрден кездеседі.

1978 жыл мен 2015 жылдағы зерттеу нәтижелерін салыстырғанда өсімдіктер жабынында, атап айтқанда метеорологиялық динамикасы, экологиялық жағдайлары, өсімдік түрлері мен жекелеген контурлардың құрамында өзгерістер анықталды. Соңғы жылдардағы мал басының азаюы мен мал жаюды шектеу аталған аудандағы  бағалы жайылымдық өсімдіктердің дамуына оңтайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. 

Як цитувати

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають