BRUCELLA SPP. РЕКОМБИНАНТТЫ АҚУЫЗДАРЫН КОДТАЙТЫН ГЕНЕТИКАЛЫҚ КІРІСТІРМЕЛЕРДІ ПТР ӘДІСІМЕН ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ РЕКОМБИНАНТТЫ ТҰМАУ ВИРУСТАРЫНЫҢ ТҮПНҰСҚАЛЫҒЫН РАСТАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1083202614

Кілт сөздер:

: ПТР, рекомбинантты тұмау штаммдары, бруцеллездік кірістірмелер, валидация, верификация

Аңдатпа

Бруцеллезге қарсы вирустық-векторлық вакциналарды әзірлеу вакциналық кандидаттар ретінде қолданылатын рекомбинантты штаммдардың түпнұсқалығын қатаң бақылауды талап етеді. Мұндай штаммдарды молекулалық сипаттаудың негізгі кезеңдерінің бірі Brucella антигендерін кодтайтын гетерологиялық генетикалық кірістірмелердің болуын растау болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты кері транскрипциялы полимеразды тізбекті реакция (КТ-ПТР) әдісі арқылы бруцеллездік генетикалық кірістірмелердің болуын анықтау негізінде рекомбинантты тұмау штаммдарының түпнұсқалығын бағалау болды. Зерттеу объектілері ретінде Brucella иммунодоминантты ақуыздарының гендерін қамтитын Flu-NS1-80-Omp16, Flu-NS1-80-L7/L12, Flu-NS1-80-Omp19 және Flu-NS1-80-Cu-Zn SOD рекомбинантты тұмау вирусы штаммдары қолданылды. Аналитикалық сезімталдықты бағалау белгілі РНҚ концентрациясы бар оң бақылаудың он еселік сериялық сұйылтуларын пайдалану арқылы жүргізілді. Әдістің спецификалығы күтілетін өлшемдегі ампликондардың болуымен расталды: рекомбинантты конструкциялар үшін шамамен 1250–1300 ж.н. және бақылау вирусы үшін шамамен 890 ж.н.; теріс бақылауларда спецификалық емес амплификация байқалмады. Рекомбинантты штаммдарды талдау барысында Flu-NS1-80-OMP16, Flu-NS1-80-OMP19, Flu-NS1-80-SOD және Flu-NS1-80-L7/L12 үлгілерінің барлығында мақсатты фрагменттер анықталды, бұл Brucella spp. кірістірмелерінің вирус геномына сәтті интеграцияланғанын көрсетеді. Қайталанғыштықты бағалау барлық зерттелген үлгілер бойынша 10 тәуелсіз қайталауда нәтижелердің 100% сәйкес келуін көрсетті. Оң және теріс бақылаулар күтілетін нәтижелерді көрсетті, бұл реакцияның дұрыс қойылғанын және контаминацияның жоқтығын растайды. Алынған нәтижелер рекомбинантты тұмау штаммдарының түпнұсқалығын және олардың геномында бруцеллездік генетикалық кірістірмелердің болуын дәлелдейді, бұл вирустық векторлар конструкциясының дұрыстығын және оларды бруцеллезге қарсы вакциналық препараттарды әзірлеуде әрі қарай қолдану мүмкіндігін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • К.А. Шораева, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Жамбыл обласы, Қазақстан

    Шораева Камшат Әбитханқызы — PhD, зертхана меңгерушісі, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (Гвардейский кенті, Қазақстан, email: a.shorayeva@mail.ru; k.shorayeva@biosafety.kz);

  • Ж.С. Абсатова, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Жамбыл обласы, Қазақстан

    Абсатова Жарқынай Серікбайқызы — «Биотехнология» бағыты бойынша техника ғылымдарының магистрі, аға ғылыми қызметкер, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (Гвардейский кенті, Қазақстан, email: absatova@biosafety.kz);

  • С.У. Молдағұлова, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Жамбыл обласы, Қазақстан

    Молдағұлова Сабина Ұланқызы — биология магистрі, кіші ғылыми қызметкер, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «QazBioPharm» ұлттық холдингі (Гвардейский кенті, Қазақстан, email: sabina_moldagulova@mail.ru);

  • А. Ұланқызы, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Жамбыл обласы, Қазақстан

    Ұланқызы Ақнұр (хат-хабарға жауапты автор) — кіші ғылыми қызметкер, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «QazBioPharm» ұлттық холдингі (Гвардейский кенті, Қазақстан, email: aknur93@mail.ru);

  • А.Е. Қосылғанова, КЕ АҚ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Алматы, Қазақстан

    Қосылғанова Айнар Ерланқызы (хат-хабарға жауапты автор) — техника ғылымдарының магистрі, «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Фармация мектебінің биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасының PhD-докторанты, ғылыми қызметкер (Алматы, Қазақстан, email: aynar03031998@gmail.com; a@kaznmu.kz);

  • Карлыгаш Жапаркулова, КЕ АҚ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Алматы, Қазақстан

    Жапаркулова Карлыгаш Алтынбекқызы — PhD, қауымдастырылған профессор, «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Фармация мектебінің биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасының меңгерушісі, ғылыми-техникалық бағдарламаның жауапты орындаушысы, жетекші ғылыми қызметкер (Алматы, Қазақстан, email: k@kaznmu.kz);

  • А.С. Калыкова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Калыкова Асем Сериккызы — PhD, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасының меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер (Алматы, Қазақстан, email: kalykova@gmail.com);

  • Т.С. Бекежанова, КЕ АҚ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Алматы, Қазақстан

    Бекежанова Толқын Слямқызы — PhD, қауымдастырылған профессор, «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының қызметкері, жетекші ғылыми қызметкер (Алматы, Қазақстан, email: t@kaznmu.kz);

  • Г.О. Шыныбекова, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Жамбыл обласы, Қазақстан

    Шыныбекова Гаухар Орынбекқызы — биология магистрі, аға ғылыми қызметкер, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (Гвардейский кенті, Қазақстан, email: gaukhar_1988@bk.ru);

  • Н.С. Қожабергенов, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Жамбыл обласы, Қазақстан
    Қожабергенов Нұрлан Сиязбекұлы — аға ғылыми қызметкер, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (Гвардейский кенті, Қазақстан, email: nurlanks@gmail.com);
  • Г.Д. Наханова, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Жамбыл обласы, Қазақстан

    Наханова Гульнур Джолдасбековна — магистр, аға ғылыми қызметкер, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (Гвардейский кенті, Қазақстан, email: gulnur@mail.ru);

  • К.К. Джекебеков, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Жамбыл обласы, Қазақстан

    Джекебеков Куаныш Кайратович — «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкері (Гвардейский кенті, Қазақстан, email: zhekebekov@biosafety.kz);

  • О.В. Червякова, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ЖШС, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Жамбыл обласы, Қазақстан

    Червякова Ольга Викторовна — биология ғылымдарының кандидаты, профессор, «QazBioPharm» ұлттық холдингінің еншілес ұйымы — «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары (Гвардейский кенті, Қазақстан, email: chervyakova@biosafety.kz).

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары