ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//bb108320268

Кілт сөздер:

филогенетика, секвенирлеу, генетикалық әртүрлілік, D-ілмегі, ДНҚ маркерлер, SNP50 , ПТР

Аңдатпа

Бұл зерттеуде Қазақстанда өсірілетін қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының генетикалық әртүрлілігін анықтау мақсатында ұзындығы 840 жұп нуклеотидтен (ж.н.) тұратын митохондриялық ДНҚ-ның (мтДНҚ) D-ілмек аймағындағы SNP-полиморфизмдер негізінде филогенетикалық талдау жүргізілді. Зерттеу үлгілері ретінде популяциядан барлығы 80 қой кездейсоқ таңдап алынды. Перифериялық қан үлгілерінен ДНҚ бөлініп алынып, полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен амплификация жүргізілді. Амплификацияланған өнімдерді секвенирлеу нәтижесінде нуклеотидтік құрамы 31,46% аденин, 36,19% тимин, 16,42% гуанин және 15,93% цитозинді құрады. Алынған нуклеотидтік тізбектер NCBI деректер базасында қолжетімді үй қойлары мен жабайы муфлондардың референстік тізбектерімен салыстырылды. MEGA X бағдарламасы арқылы жүргізілген филогенетикалық талдау қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының тізбектері 98–100% жоғары bootstrap статистикалық қолдауымен жеке кластер түзетінін көрсетті, бұл талдауға енгізілген референстік қой популяцияларынан айқын генетикалық дифференциациясын көрсетеді. Сонымен қатар, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы моңғол, тибет және гиссар қой тұқымдарымен жақын генетикалық туыстықты көрсетті. Ал еуропалық қой тұқымдары филогенетикалық ағашта генетикалық қашықтықтың жоғары болуымен ерекшеленді, бұл олардың әртүрлі эволюциялық линияларға жататынын көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Р.Е. Амзеев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    Амзеев Рауан Есенгелдиевич- оқытушы, ШЖҚ "Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, (Алматы, Қазақстан, е-mail: rauanbiolog@gmail.com)

  • М.Ш. Ермекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Ермекова Марина Шамшадиновна- жаратылыстану ғылымдарының магистрі,  «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС,  Молекулярлық-генетикалық сараптама зертханасының кіші ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-ші курс докторанты, (Алматы, Қазақстан, е-mail: nurii_90@mail.ru)

  • K. Қырыкчы, Ахи Евран Университеті, Кыршехир, Түркия

    Корай Кырыкчи - ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент, Кыршехир Ахи Евран университеті, Ауыл шаруашылығы факультеті, Зоотехния кафедрасы, Жануарларды өсіру және селекциялау бағыты, Кыршехир, Түркия, e-mail: koray.kirikci@ahievran.edu.tr

  • К.Ж. Досыбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Досыбаев Қайрат Жумагалиевич – PhD аға ғылыми қызметкер, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Молекулярлық-генетикалық сараптама зертханасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, (Алматы, Қазақстан, е-mail: kairat1987_11@mail.ru)

  • T.T. Нуркенов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    Нуркенов Туленды Тулешевич- PhD, аға оқытушы,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi, (Алматы, Қазақстан, е-mail: t.nurkenov@abaiuniversity.edu.kz)

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары