«ШАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ҰСАҚ ҚАНАТТЫ ҚАРЫСТАУШЫЛАР ТҰҚЫМДАС ТАРМАҒЫНЫҢ  (LEPIDOPTERA, GEOMETRIDAE, STERRHINAE) ФАУНАСЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА МӘЛІМЕТТЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb108320264

Кілт сөздер:

Lepidoptera, Geometridae, Sterrhinae, Шарын, фауна.

Аңдатпа

Мақалада Geometridae тұқымдасына жататын ұсақ қанатты қарыстаушы қабыршаққанаттылар фаунасының ҚР ҒЖБМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Табиғат музейінің коллекциялық қорында сақталған жинақтар және Шарын ұлттық табиғат паркі аумағында жүргізілген зерттеу нәтижесінде жиналған материалдардың зерттеу нәтижелері ұсынылады. Авторлар жүргізген зерттеулер нәтижесінде ұсақ қанатты қарыстаушы қабыршаққанаттылар (Lepidoptera,  Geometridae, Sterrhinae) тұқымдас тармағының 13 туысына жататын 39  түр тіркелді. Олардың ішінде, зерттелген аудан фаунасында осы жүргізілген зерттеуге дейінгі белгісіз болған ұсақ қанатты қарыстаушы қабыршаққанаттылардың 12 түрі алғаш рет анықталды. Ұсақ қанатты қарыстаушылар фаунасының негізін аридтық аймақтарға кіретін тұрандық және түркістандық топтар (51,3%)  құрайды. Бұл зерттелген аймақтар Орта Азияның шөлейтті және далалы биогеографиялық провинциясына жататынын дәлелдеді. Кең таралған палеарктикалық және еуразиялық түрлердің үлесі (30,70%) бұл аймақтың Палеарктикалық фаунамен байланысын көрсетеді. Солтүстік Тянь-Шань эндемигтерінің үлесі (7,70%) парк аумағында таулы белдеулерінің фаунасының қалыптасыуындағы рөлін және зерттелген аймақтың эндемизм орталығына жататыны нақтыланды. Экологиялық құрылымы бойынша негізгі басым топтар ксерофилді өсімдіктер қауымдастықтарына, жар тасты беткейлерді мекендейтін ксерофилдер, келесі бұталы, ағашты, тығыз тоғайлы өзен жағалауын мекендейтін мезофилдер, сонымен қатар шалғындар, жазық далалы жерлерді мекендейтін ксеромезофилдер екені анықталды. Анықталған түрлердің басым бөлігі аридті (қуаң) жағдайға бейімделген, ол Шарын мемілекеттік ұлттық табиғи паркінің ландшафтық ерекшелігін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Г.Ш. Назымбетова, РМК «Ғылым ордасы» ҚР ҒЖБМ ҒК, Алматы, Қазақстан

    Г.Ш. Назымбетова - PhD, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым ордасы» РМК Бас ғылыми қызметкері, Қазақстан, Алматы, e-mail: g.nazymbetova@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-1304-1015

  • Д.K. Кирбаева, РМК «Ғылым ордасы» ҚР ҒЖБМ ҒК, Алматы, Қазақстан

    Д.К. Кирбаева – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РМК жетекші ғылыми қызметкері, Алматы, Қазақстан, e-mail: kk.dariga@gmail.com, ORCID: 0009-0007-2160-972X.

  • Б.T. Taранов, РМК «Ғылым ордасы» ҚР ҒЖБМ ҒК, Алматы, Қазақстан

    Б.T. Taранов. - биология ғылымдарының кандидаты, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым ордасы» РМК Бас ғылыми қызметкері, Қазақстан, Алматы, e-mail: btt_54@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6181-3118

  • Ж.Д. Абдыкеримов, РМК «Ғылым ордасы» ҚР ҒЖБМ ҒК, Алматы, Қазақстан

    Ж.Д. Абдыкеримов. - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Табиғат музейінің меңгерушісі, Қазақстан, Алматы. e-mail: zhan_23_02_1987@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6308-6102

  • З.T. Есембекова, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты, Алматы, Қазақстан

    З.T. Есембекова. - 3Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты бас ғыыми қызметкері, Қазақстан, Алматы. e-mail: zina_jk@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-1745-9611

  • Г. Джайлаубекова, РМК «Ғылым ордасы» ҚР ҒЖБМ ҒК, Алматы, Қазақстан

    Г.У. Джайлаубекова - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым ордасы» РМК  ғылыми қызметкері, Қазақстан, Алматы, e-mail: dzhaylaubekova75@mail.ru,  https://orcid.org/0009-0003-7823-9599

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

ЗООЛОГИЯ