ФЕРМЕНТТІК ИММУНОСОРБЕНТТІК ТАЛДАУДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БИЕЛЕРДІҢ БУАЗДЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1083202613

Кілт сөздер:

ФСГ – фолликулды ынталандыратын гормон, ИФТ-иммуноферменттік талдау; ББҚС –буаз бие қан сарысуы, УДЗ—ультрадыбыстық зерттеу, м.е тышқан бірлігі, МЕ – халықаралық бірлік

Аңдатпа

Мақалада «жабы» типті қазақы тұқымға жататын биелерде буаздықты анықтаудың әртүрлі әдістерінің тиімділігін салыстырмалы бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында дәстүрлі гормондық әдіс – зертханалық тышқандарда жүргізілетін биосынама, ректальды және сыртқы ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), сондай-ақ жаңа биотехнологиялық әдіс –  иммуноферменттік талдау (ИФТ) салыстырылды. Эксперимент әртүрлі жас топтарына жататын 39 биеде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша буаздықты анықтау тиімділігі: дәстүрлі әдісте – 71,8%, ректальды УДЗ-де – 82,1%, сыртқы УДЗ-де – 17,9%, ал ИФА әдісінде – 87,2% болды.

Құлынды биелердің қан сарысуындағы ФСГ деңгейі қысыр жануарлармен салыстырғанда сенімді түрде жоғары екені анықталды, бұл биелердің буаздықтың ерте кезеңдеріндегі гормоналдық статусының жоғары екені көрсетеді. Ұрықтандырылғаннан кейін 50-тәулікте қан сарысуындағы ФСГ концентрациясын анықтауға негізделген әзірленген биотехнологиялық диагностикалық әдіс жоғары дәлдікпен, аз инвазивтігімен және нәтижелердің жоғары қайталанымдылығымен сипатталады. ИФА әдісін жылқы шаруашылығы тәжірибесіне енгізу репродуктивтік жұмыстың тиімділігін арттыруға, буаз донорларды уақтылы іріктеуге және асылдандыру бағдарламаларын оңтайландыруға ықпал етеді.

Автор өмірбаяндары

  • К.К. Еркекулова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Биотехнология» Ғылыми орталығы, Шымкент, Қазақстан

    Еркекулова Калия – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Биотехнология» кафедрасының докторанты, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының аға оқытушысы (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: ekk.33@mail.ru).

  • Г.Б. Алпамысова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Биотехнология» кафедрасы Шымкент, Қазақстан

    Алпамысова Гульжайна - PhD, ассоц. профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Биотехнология» кафедрасы (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: e-mail:xap68@mail.ru )

  • М.А. Туралиева, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Биотехнология» кафедрасы Шымкент, Қазақстан

    Туралиева Молдир - PhD, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Биотехнология» кафедрасының доценті, (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: nazanovamoldir@mail.ru )

  • А.Ж. Дарипбек, Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы, Шымкент, Қазақстан

    Дарипбек Айгуль - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының аға оқытушысы (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: daripbek.aygul.80@mail.ru )

  • К.Е. Жузжан, Қазақ ұлттық медицина университеті

    Жузжан К. Е. – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ-Ұлттық медициналық университеті кафедрасының лекторы, (Алматы, Казақстан, e-mail: akp.773@mail.ru )

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары