ҚАЗАҚСТАН ФЛОРАСЫНДАҒЫ BRYONIA MELANOCARPA NABIEV ӨСІМДІГІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТІК ҚҰРАМЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb108320262

Кілт сөздер:

Bryonia melanocarpa, фитохимиялық талдау, элементтік құрам, хроматография, биологиялық белсенді заттар, дәрілік өсімдік, фитотерапия.

Аңдатпа

Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктерді зерттеуге деген қызығушылықтың артуына байланысты, химиялық құрамы мен фармакогностикалық құндылығы жеткілікті зерттелмеген түрлерге ерекше назар аударылуда. Солардың бірі - биологиялық белсенді қасиеттерге ие болуы мүмкін Bryonia melanocarpa өсімдігі. Зерттеудің мақсаты - Қазақстанның табиғи жағдайында өсетін B. melanocarpa өсімдігінің жер үсті бөлігінің фитохимиялық және элементтік құрамын анықтап, оның шикізаттық және емдік әлеуетін бағалау. Жұмыс барысында өсімдік шикізатының физика-химиялық көрсеткіштері (ылғалдылығы - 9,39 %, күл мөлшері - 7,50 %, экстракт шығымы - 1,1087 г), макро- және микроэлементтердің спектрлік талдауы, сондай-ақ ультрадыбыстық экстракттағы органикалық қосылыстардың хроматографиялық идентификациясы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде физиологиялық маңызды элементтер (K, Ca, Mg, Fe) мен биологиялық белсенді заттар – β-ситостерол, Е дәрумені, stigmastan-3,5-diene және жоғары сәйкестікпен анықталған алкандардың бар екені анықталды. Алынған нәтижелер B. melanocarpa өсімдігінің фармакогностикалық құндылығын дәлелдейді және оны фитотерапияда қолдануға арналған табиғи қосылыстардың перспективті көзі ретінде әрі қарай зерттеудің маңыздылығын көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • К.Ж. Кульвира, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Адилова Кульвира Жарылкасыновна (корреспондент автор) – техника ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ботаника және агроэкология кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: kulvira75@mail.ru)

  • Т.С. Ибрагимов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Ибрагимов Талгат Садуакасовия – биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: ecopastbish@mail.ru)

  • Ж. Койлыбаев, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    Койлыбаев Жасұлан – педагогика ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ботаника және агроэкология кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: k.zhassulan1988@gmail.com)

  • A.Е. Кусниева, Қазақ ұлттық медицина университеті

    Кусниева Алия Еркеновна – химия ғылымдарының кандидаты, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының  ассоц профессоры, PhD (Алматы, Қазақстан, e-mail: a.kusnieva@mail.ru)

  • Н.Б. Милисова, Қазақ ұлттық медицина университеті

    Милисова Назерке Бахытовна – магистр технических наук, ассистент-профессор кафедры инженерных дисциплин и надлежащих практик Казахского национального медицинского университета имени С. Д. Асфендиярова (Алматы, Казахстан, e-mail: milisova.n@kaznmu.kz).

     

     

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

БОТАНИКА