БАТЫС ТЯНЬ-ШАНЬНЫҢ ЖАЙ КӨЗШЕСІЗДЕР (HEMIPTERA, HETEROPTERA, CIMICOMORPHA II, MIRIDAE) ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb108320265Кілт сөздер:
Батыс Тянь-Шань, Miridae, Hemiptera, Heteroptera, Cimicomorpha II, фауна.Аңдатпа
Зерттеу тақырыбы «Батыс Тянь-Шаньның жабайы жануарларын сақтау және тұрақты пайдалану мақсатында олардың кадастрын жүргізу үшін ақпараттық жүйені әзірлеу». Зерттеудің басты мақсаты - Батыс Тянь-Шаньның Miridae тұқымдасының алуантүрлілігі анықтау. Жәндіктерді жинау үшін энтомологиялық әртүрлі әдістер қолданылды: энтомологиялық сүзгімен ору, түнгі жарыққа жинау, эксгаустермен ұсақ жәндіктерді жинау және т.б. 2024-2025 жж. Батыс Тянь-Шань тауында жүргізілген далалық зерттеулер нәтижесінде Жай көзшесіздер (Miridae) тұқымдасы қандалаларының 42 түрі анықталды. Тіршілік ету ортасы бойынша бірнеше топқа бөлінеді: хортобионттар, хорто-тамнобионттар, дендробионттар, дендро-хортобионттар: хортобионттар - 37 түр, хорто-тамнобионттар – 2 түр, дендро-хортобионттар – 1 түр, дендробионттар – 2 түр. Жартылай қаттықанаттардың әр түрлері тіршілік ету ортасының ылғалдану дәрежесіне әртүрлі бейімделген. Осы негізде түрлердің келесі экологиялық топтарын ажыратуға болады: мезофилдер, мезоксерофилдер: мезофилдер - 39 түр, мезоксерофилдер – 3 түр. Қоректік байланыстары бойынша қандалалар арасында өсімдікқоректі (фитофагтар) және араласқоректі түрлер (зоофитофагтар) болып бөлінеді, олар өсімдіктермен де және жануарлармен де қоректенеді: зоофитофагтар – 6 түр, фитофагтар – 36 түр: полифитофагтар – 24 түр, кең олигофитофагтар -11 түр, тар олигофитофагтар – 1 түр. Популяцияның вольтинизмі жыл сайынғы беретін ұрпақтардың санын көрсетеді. Жартылай қаттықанаттылардың Жай көзшесіздер (Miridae) тұқымдасы үшін вольтинизмнің белгілі 3 түрі бар: моновольтинді - 18 түр, бивольтинді – 15 түр, поливольтинді - 9 түр. Жартылай қаттықанаттылар дамудың әртүрлі кезеңдерінде қыстаумен сипатталады: ересек сатысында қыстайтындар - 19 түр, жұмыртқа сатысында - 23 түр. Зерттеулер нәтижесінде Жай көзшесіздер (Miridae) тұқымдасының 42 түрі анықталды.








