Жоңғар-Алатау ұлттық паркіндегі сирек түрлердің қатысуымен ерте көктемгі өсімдіктер қауымдастықтарының сипаттамасы

Авторлар

  • B. Sh. Kaliyev Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. T. Sitpayeva РМК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ҚР БҒМ ҒК, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. A. Imanalinova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • L. A. Dimeyeva РМК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ҚР БҒМ ҒК, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b2

Аңдатпа

Мақалада 2018 жылдың мамыр айында Жоңғар-Алатау ұлттық паркінде жүргізілген ерте көктемгі өсімдік қауымдастықтарын зерттеу нәтижелері келтірілген. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген келесі өсімдіктердің тіршілік орталары анықталды, олар: Aquilegia vitalii, Fritillaria pallidiflora, Adonis tianschanica, Malus sieversii, Malus niedzwetzkyana, Paeonia anomala, Crocus alatavicus, Tulipa brachystemon, Tulipa patens. Осы өсімдіктердің  ішінде тар эндемдерге жататындары Aquilegia vitalii, Tulipa brachystemon.

Сирек кездесетін түрлер бар өсімдік қауымдастықтарына шалғын, бұта, орман өсімдікжабын  типтері жатады, олар тау беткейлеріндегі  шалғындар мен  шатқалдарда ұсақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандар мен тасты беткейлердегі петрофитті бұта  тоғайларында кездеседі. Әр сирек кездесетін түрлерге тән биіктік белдеулер, олардың өсімдік қауымдастықтары мен фитоценоздық рөлі анықталды.

Жетісу Алатауының солтүстік макробеткейінде шектеулі ареалы бар сирек түр – қоңыраулы құндызшөп (Pulsatilla campanella) табылды. Түр кең көлемде таралмаған, қылқан жапырақты ормандар мен шалғындар белдеуінде сирек популяциялар ретінде кездеседі. Дəстүрлі медицинада белсенді қолданылатындығына байланысты осал болып келеді. Қоңыраулы  құндызшөпті аймақтық Қызыл кітапқа енгізуге кеңес береміз.

Түйін сөздер: Жетісу Алатауы, ерте-гүлдейтін түрлер, сирек өсімдіктер, биіктік белдеулік, өсімдік қауымдастықтары.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-15

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары