Тобыл өзеніндегі кәсіптік балықтар популяцияларының биологиялық сипаттамасы
DOI:
https://doi.org/10.26577//eb.2020.v82.i1.12Аңдатпа
Тобыл өзені маңызды халық шаруашылығы су қоймасы болып табылады және әртүрлі мақсаттар үшін, оның ішінде балық ресурстарын аулау үшін пайдаланылады. Материалдар 2019 жылы далалық зерттеулер нәтижесінде жиналды. Тобыл өзенінде 6 станция тексерілді. Балықтардың популяциясының қазіргі жағдайы зерттелді. Тобыл өзеніндегі балық түрлерінің жалпы саны 13 түрді құрады. 13 түрдің 11-і кәсіптік болып табылады, оның ішінде жоғары санды және кең таралған 4 түр ғана бар: торта, кәдімгі алабұға, кәдімгі шортан және табан. Тобыл өзенінде мекендейтін балықтардың барлық түрлері оның барлық жерінде кездеседі, осылайша ихтиофаунаның кәсіптік құрамы жекелеген кәсіптік аудандарды қоспағанда, бәріне ұқсас. Барлық зерттелген түрлердің популяцияларының жағдайы қанағаттанарлық. Тұрақтылық индикаторларын талдау (популяциялардың жыныстық-жастық құрылымы) негізінен негізгі кәсіптік табыннан толықтырудың артқанын көрсетті. Тобыл өзенінде торта және кәдімгі шортан балықтарының максималды өмір сүру ұзақтығы 5+ жылды, кәдімгі алабұға мен табан 7+ жылды
құрады. Балық ресурстарын молайту мақсатында (оның ішінде басқа су қоймаларына балық жіберу) Тобыл өзеніндегі кәдімгі шортанның қорларын пайдалану ұсынылды, сондай-ақ, Тобыл өзенінде спорттық-әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру үшін 2 учаске бөлінгені жөн.
Түйін сөздер: өзен, Тобыл, түр, ихтиофауна, популяция, өлшем құрылымы, жас құрамы, өсімталдық.








