Қысқа дайындық кезеңінде егілген және өзтамырлы раушандардың өркендерінгеді крахмaл мөлшерінің динамикасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-4-b1Аңдатпа
Бақша раушандарының түрлі топтарындағы центифолды раушанға немесе итмұрынға және өз тамырлы раушандарға егілген вегетациядан тыныштық кезеңіне өтуде крахмал мөлшерінің динамикасы зерттелді. Зерттеуге полиант раушаннның ‘Fair Play’, өрілмелі раушанның ‘Paul's Scarlet Climber’ және топырақ жамылғылы раушанның ‘Swany’, ‘Rosenberg’, ‘Red the Fairy’сорттарының біржылдық өркендері алынды. Бақша раушандарын егу көзшемен тегіс центифолды раушанның немесе итмұрынның біржылдық өркендеріне жүргізілді. Өз тамырлы, топырақ жамылғылы раушандарда крахмалдың максималды жиналуынан қыркүйек пен қазанда оның гидролизі жүретіні анықталды. Центифолды раушанға жасалған екпе бұл процесті тездетеді. Өз тамырлы полиантты және өрілмелі раушанда қазанда крахмалдың снтезі жалғасады. Центифолды раушанға немесе итмұрынға егілген бұл раушандарда крахмалдың жиналу динамикасы өзгереді, ол оның синтезінің тоқтауымен және гидролизбен түсіндіріледі. Жалпы топырақ жамылғылы, полиантты және бұтақты раушандарға жасалған екпе өз тамырлы раушандарға қарағанда қысқа жақсы дайындықты қамтамасыз етті.
Түйін сөздер: бақша раушаны, жылдық өсіру, егу, крахмал, динамика, қысқа дайындық.








