Аусылдың А түрін баламалау үшін ИФТ қоюдың тиімді жағдайын жасау
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-1-1411Аңдатпа
Аусылдың А түрінің “Таласский” штамын ПЭГ-6000 қоюландырып және хлороформмен тазалау арқылы белсенділігі КБР 1:32-1:64 болатын таза антиген алынды. Диагностикалық қан сарысуын алу мақсатында антиген 30% сахароздық қабаттан 35000 айналым/мин 2 сағат ішінде қосымша тазалаудан өткізілді. Тазаланғаннан кейін антиген белсенділігі 1:16-1:32 құрады. Аусылдың А түрінің тазаланған антигенін пайдалана отырып қойдан, доңыздан, қояндардан сарысу алынды, белсенділігі 1:8-1:64 құрады. Қарсы сарысудан Кон әдісі арқылы иммуноглобулин бөлініп алынды, ДПР белсенділігі 1:32 құраса, ал алынған ақуыздардың қоюлылығы 41,84 мг/мл бастап 60,2 мг/мл дейін болды. ИФТ әдісін қоюдың тиімді жағдайын жасау үшін доңыздың қан сарысуынан алынған тәнді иммуноглобулин негізінде периодаттық M.B.Wilson, P.K.Nakane әдісімен конъюгат дайындалды. Дайындалған диагностикалық препараттар аусылдың А түрін балау үшін ИФТ тиімді жағдайын қоюды жасап шығару кезінде пайдаланды. Гетерогендік және гомогендік биоматериалдарды тексеру кезінде жасалынып шығарылған ИФТ варианты тиімді және сезімтал болды.
Түйін сөздер: аусылдың А түрі, иммуноферметтік талдау, иммуноглобулин, иммундеу, антиген.








