Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары Алматы облысы өсімдіктердің биологиялық әртүрлілік
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-1-1380Аңдатпа
Біздің заманымыздың жаһандық проблемаларының бірі - өсімдіктердің биологиялық әртүрлілік мәселелерін зерттеу және оларды сақтау. Сондықтан кез-келген аймақтың өсімдіктердің биологиялық әртүрлілікті зерттеу әрдайым маңызды болады.
Берілген мақалада Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары Алматы облысының флорасының систематикалық талдау жүргізгеннен кейінгі зерттеу нәтижелері келтірілен. Зерттелінген облыс флорасы 114 тұқымдастан тұратыны анықталды, оның ішіндегі 10 жетекші тұқымдас зерттелінетін территория флорасының 60,48 % құрайды. Берілген таксономикалық құрылымның жетекші орындарын келесі тұқымдастар алады: Asteraceae (225 түр, немесе 14,60 %, 71 туыс), Poaceae (132 түр немесе 8,56 %), Fabaceae – (115 түр немесе 7,46 %). Ең үлкен туыстарға Astragalus (44 түр немесе 7,94 %), Allium (28 түр немесе 5,05%), Carex (27 түр, 4,87 %), Potentilla (23 түр немесе 4,15%) жатады.
Флора флористік және геоботаникалық зерттеулердің дәстүрлі әдістерін қолдана отырып зерттелінді, оның негізгісі маршруттық-рекогносциростикалық.
ҒК БҒМ Ботаника және фитоиндустрия институтының гербарий фондын қарастыру арқылы, әдебиет көздерін анализдеу негізінде, сонымен қатар Алматы облысының өсімдіктерін жинау және зерттеу барысында алғашқы рет, 114 тұқымдасқа, 554 туысқа, 1541 түрден тұратын түсіндімелі флора тізімі жасалды.
Түйін сөздер: флора, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары Алматы облысының, систематикалық талдау, өсімдіктердің биоалуантүрлілігі.








