Ақтөбе флористикалық аймағындағы Astragalus L. туысын талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-3-1336Аңдатпа
Astragalus L. (Galegeae, Fabaceae) туысы – солтүстік жарты шарда кеңінен тараған 2500-3000 түрді қамтитын гүлді өсімдіктердің ең ірі туысы.
Astragalus L. туысының түрлік алуантүрлілігін зерттеу Еуразияның дала флорасы генезисінің үрдісі мен эволюциясын түсіну үшін маңызды қызығушылық туғызады. Жұмыста Ақтөбе флористикалық аймағы флорасының жалпы санының 3,8 % құрайтын, 50 түрден тұратын ең ірі Astragalus L. туысына жан-жақты талдау берілген. Astragalus L. туысына жүргізілген жүйелі талдау астрагалдардың жалпы санының 74% құрайтын немесе 37 түрге біріктірілген 16 секцияға жататын Cercidothrix туыс тармағының басым екендігі және 5 түрмен 4 секцияға біріктірілген Phaca туыс тармағының аздығын анықтады. И.Г.Серебряков, К.Раункиер бойынша тіршілік формалары спектрін, ылғалдану субстратына қатысты экологиялық типтерді зерттеу флораның далалық сипатын және оның ерекшелігін көрсетті. Ақтөбе флористикалық аймағының Astragalus L. туысына жүргізілген ареалогиялық талдау заволжск-қазақстан, заволжск-қазақстан-тұран, тұран типтері басым келетін 22 ареалдар типін анықтады. Astragalus L. туысы түрлері 2 ареалдар тобына біріктірілген: еуразиялық далалық және көнежерортатеңіздік. Ақтөбе флористикалық аймағының Astragalus L. туысының мезадизъюнктивті тобы басым келетін 10 түрі анықталды. Эндемик түрлер тобы туыстың жалпы санының 8,0 % құрайтын Astragalus aktiubensis, Astragalus mugodsharicus, Astragalus temirensis, Astragalus subarcuatus түрлерінен тұрады. Astragalus L туысы түрлерін бөлу псаммофильді флористикалық кешен (22 түр) мен далалық флористикалық кешеннің (21 түр) басымдығын көрсетті.
Түйін сөздер: туыс, флора, астрагал, ареал, дизъюнкция, флористикалық кешен.








