Батыс Қазақстан кен орындар мұнайпласт суларының микрофлорасын зерттеу

Авторлар

  • G. Kaiyrmanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Zh. Darmenkulova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. Zhubanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. Yernazarova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. Zhabasova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Sh. Tapeshova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

микроорганизмдер, мұнай шығаруды жоғарлату, пласт сулары, беттік-белсенді заттар, эмульгирлеу индексі

Аңдатпа

Мақалада «Жетібай» және «Құлсары» кен орындарының екі жұмыс ұңғымасының мұнайпласт суларына физико-химиялық және микробиологиялық сандық және сапалық сипаттамалар берілді. Зерттеу барысында көрсетілгендей, «Жетібай» және «Құлсары» кен орындарының пласт сулары рН – бейтарапқа ие, өте жоғары минералданған, натрий-хлорлы болып табылады, жалпы минералдану мөлшері түрлі сандық көрсеткіштері және калий, кальций, магний және натрий иондар мөлшерімен анықталынады. Көрсетілгендей, «Жетібай» және «Құлсары» кен орындарының мұнайпласт суларының аэробты микроорганизмдері айтарлықтай экожүйелер үшін экологиялық маңызды, яғни белсенді тіршілікті білдіртеді - 25,10х106 КТБ/мл және 1,80х106 КТБ/мл, сәйкесінше, ал, анаэробты микроорганизмдер саны «Жетібай» су үлгілерінде - 0,38х105 КТБ/мл, ал «Құлсары» су үлгілерінде - 0,50х102 КТБ/мл айтарлықтай аз. Пласт суларында келесі микроорганизмдер топтары анықталды: споратүзуші микроорганизмдер, микромицеттер, псевдомонадтар және Bacillus өкілдері, алайда, актиномицеттер мен энтеробактериялар анықталған жоқ.

Жұмыс барысында Батыс Қазақстан мұнай кенорындарының мұнайпласт суларынан 33 микроб дақылдары бөлініп алынды, мұнайпласттардан екіншілік шығару технологиясын құру үшін перспективті микроорганизмдер ретінде одан әрі зерттеу талап етіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-12-07

Журналдың саны

Бөлім

МИКРОБИОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары