Қарағанды облысындағы (Қазақстан) көмірмен ластанған топырақтың микробиологиялық анализі
DOI:
https://doi.org/10.1901/kbs1282Кілт сөздер:
Көмірмен ластанған топырақ, орман топырағы, қарағай топырағы микрооргаинзмдердің алуантүрлілігі, биодеградация.Аңдатпа
Микроорганизмдер көмірмен ластанған топырақ биодеградациясының экологиялық үдерісінде маңызды рөл атқарады. Бұл зерттеуде Қарағанды облысының шахта маңы аумағының көмірмен ластанған топырақ үлгілеріндегі бактериялардың алуантүрлігіне сараптама жасалды. Микроорганизмдердің алуан түрлілігін зерттеу мақсатында 4 топырақ үлгілері жер бедерінің әртүрлі горизонттарынан алынды. Зерттеу барысында Қарағанды қаласындағы Бижанов көмір шахтасының (KCS),Мемлекеттік табиғи орман резерваты «Семей Орманы» қарағайлы орманының (SPS), Дмитриев орманының (DFS) және Алтай Рудный-қарағайлы орманының (APS) топырақтарынан микроорганизмдері оқшауланып алынды және сипатталды.
Дәстүрлі бактериологиялық әдісті пайдалана отырып KCS, SPS, DFS және APS топырақ үлгілерінен 21 түрлі бактериялардың түрлері идентификацияланды. Кезекті идентификациялау әдістеріне қоректік ортасында өсіру және граммен бояу әдісі жүргізілді. KCS және SPS топырақ үлгілерінің микробтық қауымдастықтарының ұқсастықтары бар екенін көрсетті. Микроорганизмдердің көпшілігі Грамм оң бактериялар, коккалар, стрептобацилдер және диплобацилдер екендігі анықталды. Алынған нәтижелер алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізуге және практикалық қолдануға пайдалы ақпарат береді.








