Paeonia hybrida Pall. және P.anomala L. өсімдіктерін in vitro жағдайына енгізу

Авторлар

  • A. Myrzagaliyeva С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
  • T. Samarkhanov С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
  • A. Akzambek С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
  • A. Orazov С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
  • A. Saduova С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

Кілт сөздер:

өсімдіктер ұлпалары мен мүшелерінің культурасы, клондық микрокөбейту, биоалуандылықты сақтау, эндемик түрлер.

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты Қазақстан флорасының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан Paeonia hybrida Pall. мен P.anomala L. өсімдіктүрлерін in vitro жағдайына енгізу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Paeonia hybrida Pall. Өсімдігі Алтайдың эндемик түрлеріне жатады. Емдік мақсатта тамырларын қазып алу және өсімдіктерден гүл шоғын дайындағандықтан аталған түрлердің саны мен мекен ететін ареалы күрт азайып бара жатыр. Осыған байланысты зерттеудің міндеті Paeonia hybridа және Paeonia anomala өсімдіктерін in vitro культурасына еңгізу және алынған материалды болашақта микроклоды көбейтіп, аталған  түрлер популяциялары саның сақтап қайтадан қалпына келтіру болып табылады.

Мақалада аталған түрлердің Қазақстан Алтайы аумағында кездесетін аудандары мен өсетін орындары көрсетілген.

In vitro жағдайында культурада өсіру үшін бастапқы материалды залалсыздандырудың ең қолайлы нұсқасы анықталып, қолданылды. Бастапқы материал ретінде экспланттардың бірнеше түрлері, яғни тұқымдар, ұрығы бар тұқым бөлігі және жаңару  бүршіктер қарастырылады. Берілген жұмыста экспланттарды in vitro жағдайында өсіру үшін оптималды жағдайлары мен реттегіш заттар қосылған қоректік ортаның құрамына сипаттама беріледі. 

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары