Іле Алатауы Caryophyllaceae Juss тұқымдасының алуантүрлілігін бағалауына материалдар

Авторлар

  • S. G. Nesterova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • Z. A. Inelova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • G. K. Yerubayeva «Тұран» университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • E. G. Zaparina Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • K. A. Seitkadyr Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Кілт сөздер:

флора, Caryophyllaceae тұқымдасы, туыс, түр, дәрілік өсімдіктер.

Аңдатпа

Мақалада Іле Алатауы Caryophyllaceae тұқымдасының түрлік құрамына талдау жасалынған. Зерттелген аймақ бойынша Caryophyllaceae тұқымдасында 29 туысқа жататын 89 түр таралғаны анықталған. Silene (17 түр), Cerastium (10 түр), Stellaria (8 түр) ірі туыстар көрсетілген таксономикалық құрамында жетекші орын алады. Іле Алатауы Caryophyllaceae тұқымдасының алуан түрлілігін бағалау барысында зерттеу аймағында бұл тұқымдаста ылғалдылыққа қатысты 3 экологиялық типтер анықталды: мезофиттер, мезоксерофиттер, ксеромезофиттер. Топырақтың ылғалдылығы бойынша топтарды классификациялау негізінде өткізілген Іле Алатауы флорасының экологиялық талдауы нәтижесінде мезоксерофиттер басым болып анықталды (50 видов, 56,2 %). Іле Алатауы түрлерінің тіршілік формаларын талдау нәтижесінде көп жылдық өсімдіктер (59 түр немесе 66,29 %) басым болып келетінін көрсетті. Іле Алатауы  флорасында  Caryophyllaceae тұқымдасынан шаруашылық маңызды 21 түр кездесетіні анықталған. Соның ішінде ең көп кездесетін дәрілік өсімдіктер болып табылады. Іле Алатауы флорасында Caryophyllaceae тұқымдасынан  1 эндемикалық (Silene tianschanica)  түр кездеседі. Осы түр сирек кездесетін түрлердің қатарына жатады.

Автор өмірбаяндары

  • S. G. Nesterova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

    Нестерова Светлана Георгиевна - д.б.н. профессор,  кафедра биоразнообразия и биоресурсов, факультет биологии и биотехнологии КазНУ имени аль-Фараби

  • Z. A. Inelova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
    Инелова Зарина Аркенжановна – к.б.н. и.о. доцента,  кафедра биоразнообразия и биоресурсов, факультет биологии и биотехнологии КазНУ имени аль-Фараби
  • E. G. Zaparina, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
    Запарина Елена Геннадьевна - студент, кафедра биоразнообразия и биоресурсов, факультет биологии и биотехнологии КазНУ имени аль-Фараби
  • K. A. Seitkadyr, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
    Сейткадыр Каламкас Алимханкызы - студент, кафедра биоразнообразия и биоресурсов, факультет биологии и биотехнологии КазНУ имени аль-Фараби

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары