Маңғыстаудың аридті жағдайындағы “ex-situ” өрік сұрыптарының вегетативті және генеративті мүшелерін морфологиялық зерттеу

Авторлар

  • A. A. Imanbayeva ҚР БҒМ ҒК «Маңғыстау эксперименталық ботаникалық бағы» РМК, Қазақстан Республикасы, Ақтау қалаcы
  • O. N. Kosareva ҚР БҒМ ҒК «Маңғыстау эксперименталық ботаникалық бағы» РМК, Қазақстан Республикасы, Ақтау қалаcы
  • G. Dinova ҚР БҒМ ҒК «Маңғыстау эксперименталық ботаникалық бағы» РМК, Қазақстан Республикасы, Ақтау қалаcы

Кілт сөздер:

Маңғышлақ, өрік, интродукция, сұрып, морфология, вегетативті және генеративті мүшелері.

Аңдатпа

Маңғыстаудың аридті жағдайындағы  кәдімгі өрікті өсіру перспективтілігі интродукцияның көпжылдық тәжірибесінде анықталынған. Интродукцияланған жеміс өсімдіктерінің басқа түрлерімен салыстырып қарағанда, кәдімгі өрік өскен ортасына сұранымы аз, жарық сүйгіш, ыстыққа және тұзға тұрақты, жергілікті өнімнен алынған тұқымы оңай көбейеді.

Кәдімгі өріктің 2 сұрыпы («Қызыл бетті» және «Никиталық қызыл бетті») және Қазақстандық селекцияның 13 сұрып-клондары («Өрік жүзімі», «Ірі Котурбулақ», «Есік төзімдісі», «Катюша», «Котурбұлақ нәзігі», «Жоңғар сұлуы», «Көк-Бастау сұлуы», «Қотұрбұлақ сұлуы», «Ұсақ Кармин», «Микушиндық репка», «Рекорд Белбұлак», «Шымкенттік ерте», «Шымкент тәттісі») зерттелінді. Қазақстандық селекциялық сұрыптардың вегетативті мүшелерінің морфологиясы бойынша көп айырмашылықтары және олардың ортақ морфологиялық белгілері анықталды: орташа және ұсақ созылыңқы – эллиптиялық ашық жасыл түсті жапырақтарының өте өткір ұшымен және мамықтануымен орташа көлемдегі тістерімен (жапырақ бетінің шетінің бойымен), орташа қалыңдықтағы қысқа шыбық, сонымен қатар жиі мамықталған. Содан басқа, қазақстандық өрік сұрыптарында  генеративті мүшелерінің морфологиясы бойынша  гүлді бүршіктерінің көлемінде үлкен айырмашылықтар байқалынды. Ақ және қызғылт түсті жапырақтарымен  ұсақ гүлдері басым. Жемістерінің пішіні мен көлемінде біршама айырмашылықтар анықталған және өрік сұрыптарының көбіне қатты мамықтануы тән.

Жүктеулер