Trametes versicolor базидиальді саңырауқұлағының биомасса синтезін жоғарылату үшін дақылдаудың тұрақты жағдайына іріктеме жасау

Авторлар

  • K. G. Mustafin Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • N. N. Ahmetsadykov ЖШС ҒӨК "Антиген", Алматы қ., Қазақстан
  • N. A. Bisko М.Г. Холодной атындағы Ботаника институты, Киев, Украина
  • Zh. B. Suleimenovа ЖШС ҒӨК "Антиген", Алматы қ., Қазақстан
  • Zh. B. Narmuratova ЖШС ҒӨК "Антиген", Алматы қ., Қазақстан
  • Zh. K. Saduyeva ЖШС ҒӨК "Антиген", Алматы қ., Қазақстан

Кілт сөздер:

Trametes versicolor, биологиялық белсенді қосылыстар, биомасса, тереңдік дақылдау, саңырауқұлақ.

Аңдатпа

Биотехнологиялық әдістер көмегімен саңырауқұлақтың жоғары биомассасын алудың  маңызды артықшылығы болып, бейорганикалық мүмкіндігі мен қалдықсыз препарат өндірісі, сонымен бірге шикізат ресурстарының жеткілікті болуы. Мақала ерекшелігі дақылдандырудың терең жағдайында саңырауқұлақ биомассасының синтезін арттыру үшін дақылдандырудың тұрақты жағдайында зерттеу (қоректік ортаның құрамы, температура, рН, оттегі еруінің жылдамдығы). Украинадағы Н.Г.Холодной атындағы ботаника институтындағы қалпақты саңырауқұлақ жинағынан  зерттеу объектісі ретінде T. Versicolor 353, 5095, 5131 саңырауқұлақтың штамдары қолданылды. Зерттеуге алынған штамның қоректік ортада әр түрлі көмірсу және азот көздерінде өсуді зерттеу, барлық штамм түрлеріне көбінесе жақсы әсер еткен азот – пептон, ал көмірсудан – глюкоза болып табылатындығы анықталды. Глюкоза – пептон ашытқы ортасында дақылдау кезінде экзополисахаридтердің және биомассы алу үшін, барлық зерттеу штамдарының ішінде T. versicolor 353 штамы биотехнологиялық кең объект болатындығы дәлелденді. Қоректік ортада азоттың көмірсуға концентрациясының тұрақты қатынасы С/N = 26,6. Бұл жағдайда T. versicolor 353 штамы глюкоза – пептон ашықты ортасында 11,6 г/л – ге дейін биомасса синтездеуге қабілетті. T. versicolor 353 штамын тұрақты тәсілдермен тереңдік дақылдандыру кезінде биомассаның максимальды дәрежесіне жету үшін келесідей болу қажет: температура 30,0±1,0 ºС, рН 5,0±0,5, оттегі еріту жылдамдығы ( гО2/л*ч) – 0,55.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ