Маңғыстаудың шөлді аймақтарында өсетін Ferula foetida-ның гендік ДНҚ-ның популяциондық өзгергіштігі

Авторлар

  • M. Sagyndykova РМК «Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бақ» Қазақстан Республикасы, Ақтау қ.
  • A. Imanbayeva РМК «Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бақ» Қазақстан Республикасы, Ақтау қ.
  • K. Sarsenbayev Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
  • I. Akhmetollayev РМК «Ұлттық биотехнология центрі», Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Кілт сөздер:

Ferula foetida, ДНҚ, RAPD, популяциондық өзгергіштігі, шөл, Маңғыстау.

Аңдатпа

Өсу жағдайларының эдафикалық факторларының діңгейі әртүрлі Маңғыстаудың шөлді аймақтарында өсетін Ferula foetida (Bunge) Regel. өсімдігінің гендік ДНҚ-ның түраралық жақын туыстық және популяциондық өзгергіштігі салыстырмалы түрде зерттелген.

Гендік ДНҚ-ны зерттеу үшін өсімдіктің жасыл жапырақтарын пайдаландық. ДНҚ-ны бөлу Holmes – Bonner түрлендірілген әдістемесі бойынша жүргіздік. Өсімдіктің гендік ДНҚ-мен полимеразалық тізбек реакциясын іске асыру үшін 30 RAPD-праймер ішінен бесеуі  таңдап алынды. Олардан 76 RAPD-маркерлі бэндтер бөлінді. Оның 72 бэнді – полиморфты, ал 4 бэнді  барлық нұсқаларға тұрақты болып анықталды. Зерттелген нысандардың RAPD-спектрлерінің арасындағы айырмашылық пен ұқсастық діңгейін дендрограмма көрсетеді. Дендрограмма талдаудың кластерлік әдістемесі мен Popgen 32 жүйесінің көмегімен құрылған.  

    Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде феруланың үлкен түраралық және популяциондық өзгергіштілігі табылған. Ол түрдің генетикалық ерекшеліктері мен өсіп-өну жағдайларымен шартталған. Зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер ферула тұқымдасының ішкі систематикасының даулы мәселелерін шешуіне үлесін қосуы мүмкін. Әртүрлі аймақтарда өсетін Ferula foetida популяциясының ДНҚ құрамы туралы ақпарат болашақта падалуну үшін әртүрлі аймақтарда өсетін Ferula foetida-дан алынатын дәрілік шикізат пен дәмдеуіштерді генотиптилеуіне мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА