ORCID деген не?

ORCID дегеніміз тәуелсіз коммерциялық емес ұйым. Ол сізді басқа зерттеушілерден ажырататын тұрақты идентификатор, ORCID iD береді және зерттеу нәтижелеріңіз бен қызметіңізді осы iD-ге байланыстыруға мүмкіндік береді. ORCID баспалар, қаржыландырушы ұйымдар, мекемелер және ғылыммен байланысты басқа қызметтер пайдаланатын көптеген жүйелерге енгізілген. Толығырақ: https://orcid.org.

ORCID iD-ді қалай және не үшін жинаймыз?

Бұл сайт сіздің ORCID iD-іңізді жинайды, сонда біз де, ғылыми қауымдастық та сіздің дұрыс анықталғаныңызға және жарияланымдарыңызбен байланыстырылғаныңызға сенімді бола аламыз. Осылайша барлық еңбектеріңіз мансабыңыздың бойында өзіңізбен байланысты болып қалады.
ORCID терезесіндегі "Authorize" батырмасын басқанда, біз сізден iD-іңізді расталған жолмен беруді сұраймыз: ORCID iD тіркеп алу арқылы немесе, егер iD бар болса, ORCID аккаунтыңызға кіріп, бізге ORCID iD-іңізді алуға рұқсат беру арқылы. Бұл сіздің дұрыс анықталуыңыз және ORCID iD-іңізге қауіпсіз қосылуыңыз үшін қажет.
Толығырақ: What’s so special about signing in.
Бұл сайт расталған авторлар мен қосалқы авторлардың iD-ін жинап, оларды пайдаланушы профилінде және авторлық көрсетілетін жерлерде көрсетеді.

ORCID iD қай жерде көрсетіледі?

iD-іңізді пайдаланғаныңызды және оның расталғанын көрсету үшін мақалаңыздың бетінде және ашық профиліңізде атыңыздың жанына ORCID iD белгішесін iD icon қоямыз.
Толығырақ: How should an ORCID iD be displayed.