БИОЧАР – ҚОРШАҒАН ОРТА БИОТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1072202615

Кілт сөздер:

биочар; пиролиз; топырақ; ауыр металдар; тұрақты органикалық ластаушылар

Аңдатпа

Бұл шолуда биочарды қоршаған орта биотехнологиясының мәселелерін шешу үшін тыңайтқыш және енгізілген микроорганизмдердің тасымалдаушысы ретінде пайдалану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, шолуда физикалық және химиялық қасиеттері көрсетілген биочарды алу әдістері, оның органикалық (пестицидтер) және бейорганикалық (ауыр металдар) ластаушы заттармен әрекеттесу механизмдері, сондай-ақ оны пайдаланумен байланысты ықтимал қауіптер сипатталған. Биочардың бетіндегі микроб жасушаларының иммобилизациялану механизмдеріне, олардың көміртекті матрицамен әрекеттесуіне және мұндай композицияларды топырақты ластаушы заттардан тазарту үшін пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Шолу топырақтың құрылымдық ерекшеліктерін қалпына келтіру және оның құнарлылығын арттыру үшін биочарға иммобилизацияланған микроорганизмдерді қолдану туралы білімді жинақтайды және тереңдетеді.

Фиторемедиацияның тиімділігін арттыру зерттеудің стратегиялық маңызды кезеңі болып табылады. Өсімдік биомассасының өсуін жеделдету, тазарту технологиясының тиімділігін және өсімдіктердің бейімделуін арттыру мақсатында биочар био- және фиторемедиация технологияларын жетілдірудің іске асырылған құралы ретінде қарастырылады. Биочар өсімдік немесе жануар қалдықтарын анаэробты жағдайда немесе оттегінің төмендетілген деңгейінде термоыдырату арқылы алынды. Биочар топырақ қасиеттеріне және өсімдіктердің өсуіне оң әсері оның құрамында қышқылдықты бейтараптандыруға, абиотикалық стрессті төмендетуге және өсімдіктердің өсуін ынталандыруға көмектесетін минералдардың (K, Ca, P, Na, Mg және т.б.) болуымен түсіндірілді. Сонымен қатар, биочар улы элементтерді өзіне сіңірді, бұл олардың қозғалғыштығының, биожетімділігінің, фито- және экоуыттылығының төмендеуіне әкелді. Биочарды тәжірибелік қолдану топырақтың ластануын азайтудың инновациялық тәсілі ретінде ұсынылды.

Мақаланың мақсаты - топырақтың қасиеттерін жақсарту, құнарлылығын арттыру және қоршаған ортадағы органикалық және бейорганикалық ластаушы заттарды тиімді тұрақтандыру үшін биочарды микроорганизмдерді иммобилизациялаудың заманауи әдістері туралы түсінікті кеңейту.

Автор өмірбаяндары

  • A.A. Нуржанова, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Алматы, Қазақстан

    Асия Нурмагамбетова – Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, еmail: asiyanurm@mail.ru)

  • А.Ю. Муратова , Өсімдіктер және микроорганизмдер биохимиясы және физиологиясы институты РҒА ФҒО Саратов ғылыми орталығы, Саратов, Ресей

    Анна Муратова – биология ғылымдарының докторы, РҒЗИ «Саратов ғылыми орталығы» РАН-ның Өсімдіктер мен микроағзалардың биохимиясы және физиологиясы институтының экологиялық биотехнология лабораториясының меңгерушісі (Саратов, Ресей Федерациясы, еmail: muratova_a@ibppm.ru)

  • А.С. Нурмагамбетова, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Алматы, Қазақстан

    Жадыра Жумашева – Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, еmail: zhoomash.zh@mail.ru)

  • Ж.Е. Жумашева , Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Алматы, Қазақстан

    Айгерим Мамирова (корреспондент-автор) – Ph.D., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан, еmail: aigerim.mamirova@mail.com)

     

  • А. Мамирова , Биотехнология кафедрасы, биология және биотехнология факультеті, Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан

    Асиль Нуржанова – биология ғылымдарының докторы, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының бас ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, еmail: gen_asil@mail.ru)

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

ШОЛУ МАҚАЛАСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары