ИТТЕРДІҢ ТҰҚЫМЫН САҚТАП ҚАЛУ ҮШІН ОЛАРДЫҢ ГЕРМОПЛАЗМАСЫН КРИОКОНСЕРВАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІНЕ ӘДЕБИ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb2025104315

Кілт сөздер:

иттер, гамета, криконсервациялау, сперматозоид, ооцит, жыныс бездері, криопротекторлар, баяу мұздату, витрификациялау.

Аңдатпа

Соңғы бірнеше онжылдықта үй жануарларының жүздеген экзотикалық түрлері мен тұқымдары жоғалды. Сондықтан қауіп төнген басқа жануарлардың жойылып кетуін болашақта болдырмау үшін және олардың аман қалуын қамтамасыз ету үшін құтқару стратегияларын әзірлеу және оларды қолдану өте маңызды. Жойылып кету қаупі төнген жабайы және үй жануарларының тұқымын сақтап қалудың бір жолы - олардың гаметаларының криобанкін құрастыру болып табылады. Бұл әдеби шолудың мақсаты иттердің (Canis lupus familiaris) гаметалары мен жыныс бездерін криоконсервациялау әдістері туралы жаңа мәліметтер беру. Мұнда криоконсервациялау кезінде  аталған жасушалар мен ұлпалардың құрылысына әсер ететін криозақымдану түрлері және зақымдану әсерлерінен жасушалардың функциональді бұзылыстары мен оларды болдырмаудың стратегиялық тәсілдері қарастырылады. Жасушаларды жеке және ұлпа түрінде криоконсервациялаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, сондай-ақ криоконсервациялаудың белгілі бір түрін таңдаудың дәлелдемелері мен негізгі принциптері анықталады. Әртүрлі талдау аспектілері мен бұл жануарлардың жасушаларын криоконсервациялаудағы кедергілер мен жақсы нәтиже алынған тұстары талқыланады. Бұл ұсынылған мәліметтер өз кезегінде болашақта осы әдістердің тиімді шешімдерін құрастыру үшін пайдалы болуы мүмкін.

Автор өмірбаяндары

  • А.С. Сейсенбаева, Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    Аға ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, *e-mail: S_akerke@mail.ru).

  • С.Е. Әбдікерім , Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: abdikerimse@gmail.com).

  • А.Д. Төлебаева , Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    Магистр, аға ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: tolebaeva_anara@mail.ru).

  • G.M. Абылкасымова, Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    Томск мемлекеттік университетінің аспиранты (Томск қ., Ресей), аға ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: gulyam05@mail.ru).

  • А.В. Перфильева , Физиология және генетика институты, Алматы, Қазақстан

    Биология ғылымының кандидаты, ассоцирленген профессор, аға ғылыми қызметкер, Физиология және генетика институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: nastyaper2009@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-20

Журналдың саны

Бөлім

ШОЛУ МАҚАЛАСЫ