АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТҮЙЕЛЕРІН СҮТТІЛІКТІҢ CSN2 ГЕНІ БОЙЫНША ГЕНОТИПТЕУ

Авторлар

  • М. Д. Амандыкова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • А. М. Тленшиева Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yнивepcитeтi, Алматы, Қaзaқcтaн
  • А. С. Мусаева ҚP БҒМ ҒК «Гeнeтикa жәнe физиология инcтитyты», Алматы, Қaзaқcтaн
  • Н. Сайто Пoпyляциялық гeнeтикa бөлiмi, Ұлттық гeнeтикa инcтитyты, Мисима, Жaпoния

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2021.v87.i2.10

Аңдатпа

Түйе сүті өзінің емдік қасиеттері мен тағамдық құндылығының жоғарылығы үшін өте бағаланады. Түйе сүті мен одан дайындалатын сүт өнімдері оңай сіңімді, сондықтан адам ағзасы үшін табиғи болып табылады. Осылайша, түйелердің генетикалық әртүрлілігін зерттеу және оларды «жағымды» генотиптер бойынша сұрыптау жұмыстарын жүргізу Қазақстандағы түйе шаруашылығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

CSN2 генімен кодталатын β-казеин белогы түйе сүтінің казеинді фракциясының басым бөлігін құрайды және экспрессияның әртүрлі деңгейлерімен байланысты аллельдердің болу-болмауының негізіг гені болып саналады. g.2126A>G транзициясы CSN2 генінің промоторының ТАТА-бокс аймағында орналасқан және осы геннің экспрессиясының қарқындылығын анықтайтын транскрипция факторының байланысу белсенділігіне әсер ету ықтималдылығы бар. Жалпы саны 53 басты құрайтын зерттеуге алынған Алматы облысында өсірілетін түйелер популяцияларында G аллелінің жиілігі 0,36 көрсеткішіне ие болды, ал А аллелінің жиілігі 0,64 құрады. Сонымен қатар, Харди-Вайнберг тепе-теңдігі анықталды және оның мәні 0,006 тең болды. Полиморфизм деңгейі 1-, 2- және 4-популяцияларда жоғары болып 100% құраса, 3-популяцияда бұл көрсеткіш 66,67% тең болды. Зерттелінді популяцияларда генотиптердің кездесу жиілігі, анықталған және эффективті аллельдер саны,  Nei бойынша гендердің әртүрлілігі және т.б. статистикалық көрсеткіштер анықталды. Бұл көрсеткіштер популяцияларға популяциялық-генетикалық сипаттама береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-07-21

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА