Солтүстік Қазақстандағы меторхоз: зерттелу және таралу жағдайы
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b15Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар Солтүстік Қазақстан территориясындағы меторхоздың осы уақытқа дейін қаншалықты зерттелгені мен таралуы туралы зерттеу жүргізді. Отандық және шетелдік әдебиеттерге талдау жасалды, онда Қазақстанда меторхоз қоздырғышының болуы атап өтілді, бірақ зерттеулер тиісті деңгейде жүргізілмегені анықтады. Мақала авторлары Opisthorchiidae тұқымдасының қоздырғыштарының аралық және соңғы иелерін зерттеді. Молекулярлы-генетикалық зерттеулер аралық иесінде – тұқылар тұқымдасының балығы, Opisthorchis felineus және Metorchis bilis негізгі түрлерімен аралас инфекцияның болуын көрсетті. Алынған нуклеотидтер тізбегі NCBI GenBank халықаралық деректер базасында тіркелді. Сонымен қатар, жабайы етқоректілердің (түлкілердің) соңғы қожайындарының бірінде аралас инфекцияның болғаны дәлелденді. Марита бауырдан бөлініп алынды, олардың морфологиялық және молекулалық идентификациясы жүргізілді, нәтижесінде олар O. felineus және M. bilis түрлеріне жататындығы анықталды. Қорытынды зерттеуде авторлар описторхоз диагнозы бар пациенттердің қан сарысуларына биохимиялық және молекулярлы-генетикалық зерттеулер жүргізді. Зерттеу көрсеткендей, сырқаттанушылық деңгейі 6,2% құрайды және бұл көрсеткіштер ашық дереккөздердің ресми статистикасына сәйкес келеді. ИФТ расталған «описторхоз» диагнозы бар пациенттерден алынған биологиялық материалдары зерттеу аймағындағы адамдарда аралас инвазиянын бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Түйін сөздер: ПТР, меторхоз, описторхоз, аралас инвазия








