Pyrenophora tritici-repensis анықтауға арналған ПТР сынақ-жүйесін құру

Авторлар

  • A. U. Isabek Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  • Je. T. Tajlakova Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  • N. S. Kozhabergenov Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  • V. M. Strochkov Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  • K. T. Sultankulova Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  • A. S. Rsaliev Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b11

Аңдатпа

Соңғы жылдары Қазақстанда бидайдың жапырақ дағы зияндылығының кеңеюі байқалады. Аурудың кең таралуына және зияндылығына саңырауқұлақтың жоғары бейімделу қабілеті ықпал етеді. Өсімдіктің жапырақтары мен конидияның морфологиялық ерекшеліктері арқылы аурудың көрініс белгілері бойынша саңырауқұлақтардың түрін анықтау өте қиын. Бидайдың жапырақ дағы Pyrenophora tritici-repensis қоздырғышын анықтауға арналған отандық баламалау құралдарын құру - бұл өзекті мәселе. Молекулярлық әдістердің арасында ПТР - ең қолайлы және тиімді болып табылады. ПТР өсімдік тініне физиологиялық белгілері пайда болғанға дейін, саңырауқұлақтың ДНҚ-ын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың мақсаты бидайдың жапырақ дағын баламалау үшін ПТР сынақ-жүйесін құру болып табылады.

Зерттеулер нәтижесінде, бидай жапырақ дағының қоздырғышын анықтау үшін түрге тән праймерлер іріктеліп, синтезделді. ПТР шарттары: реакциялық қоспаның құрамы және температура мен уақыт режимі оңтайландырылды. Әзірленген сынақ-жүйесі жоғары ерекшелік көрсетті және зерттелген үлгілерде 2,6 пг мөлшерінде патогеннің нуклеин қышқылын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл сынақ жүйесі арқылы сынамалардағы патогенді ДНҚ-ын жылдам анықтауға болады.

Түйін сөздер: бидайдың жапырақ дағы, ПТР, ерекшелігі, сезімталдық, баламалау.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-15

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>