Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуін ынталандыру үшін перспективалы микромицеттер штаммдарына скрининг жүргізу
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b4Аңдатпа
Қарқынды егін шаруашылығын дамытудың өзекті бағыттарының бірі ауыл шаруашылық өндірісін экологияландыруға ықпал ететін микробтық биотехнологияларды әзірлеу болып табылады. Микроорганизмдер өсімдіктердің өсуі мен дамуын әртүрлі тікелей және жанама тетіктердің көмегімен ынталандыруға қабілетті. Мұндай микроорганизмдерге деген қызығушылық оларды агрокультураның өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту, топырақтың құнарлылығын және т. б. қалпына келтіру үшін қолдану мүмкіндігімен байланысты. Осы жұмыста Қазақстанның дәнді, жем-шөп және майлы дақылдарының агроценоздарынан бөлінген 848 микромицет штаммдарының (653 мицелиалды саңырауқұлақтардың және 195 ашытқылардың изоляттары) биотехнологиялық құнды қасиеттері зерттелінді. Бөлініп алынған штаммдар ауксин фитогормондары мен гидролитикалық ферменттер өндіруге, фосфат-мобилизациялауға қабілетті, сондай-ақ целлюлолитикалық және антагонистік белсенділіктері мен ауыр металдарға төзімді екенін көрсетті. Жүргізілген скринингтің нәтижесінде аса жоғары белсенділікті көрсеткен және бірнеше құнды қасиеттерге ие болған 44 штамм іріктелініп алынды. Осы штаммдармен тұқымдарды себу алдында өңдеу (45-тен 35 жағдайда) тұқымдардың өнгіштігін арттыруда және 14 күндік арпа өскіндерінің морфометриялық параметрлері артуда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуін ынталандыру үшін олардың қасиеттері мен қолдану мүмкіндіктерін әрі қарай егжей-тегжейлі зерттеу үшін 35 штамм алынды.
Түйін сөздер: микромицеттер, өсуді ынталандыратын белсенділік, фитогормондар, фосфат-мобилизация, антагонизм








