Алматы облысындағы шағын көлдердің зоопланктонының түрлік байлығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.10Аңдатпа
Шағын көлдерді зерттеу биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы олардың рөлін түсіну үшін өзекті болып табылады. Алматы облысының жеті шағын көлін зерттеу (Кіші Подкова, Үлкен Подкова, Қосағаш, Деревянное, Алтынкөл, Әли, Первомайка) 2019 жылдың маусым және тамыз айларында орындалды. Зоопланктон сынамаларын іріктеу және өңдеу стандартты әдістермен жүргізілді. Зоопланктонды зерттеу кезінде 54 таксон табылған. Планктонды омыртқасыздардың ең аз түрлер саны Үлкен Подкова көлінде, ең көп саны Первомайка көлінде тіркелген. Фондық түрлер қатарына колвраткалар A. priodonta, K. cochlearis, K. quadrata, бұтақмұрттылар A.rectangula, B. longirostris, ескекаяқты шаян T. crassus кірді. Әли, Деревянное, Қосағаш, Алтынкөл көлдерінде зоопланктон құрамындағы елеулі айырмашылық жаздың басынан аяғына дейін анықталған жоқ, алайда бұл көрсеткіш Кіші Подкова, Үлкен Подкова және Первомайка көлдерінде төрт рет төмендеген. Зоопланктонның фондық түрлері кешенінің салыстырмалы талдауы планктофаг балықтарының ықпалында болатын су қоймаларынан үлкен ұқсастықты анықтады. Алматы облысының шағын көлдері зоопланктонофаунасының ерекше белгілері орта факторларының, ең алдымен, су өсімдіктері өсу деңгейінің, қоректік базаның, гидрохимиялық режимнің және планктофаг балықтарының таралу деңгейінің әсерімен шартталған.
Түйін сөздер: шағын көлдер, зоопланктон, түрлік байлық.








