Қазақстанның онтүстік аймақтарында Pyrenophora tritici-repentis қоздырғышының 2018 жылғы расалық құрамы

Авторлар

  • R. A. Moldazhanova Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Гвардейск қалашығы, Қордай ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан
  • A. D. Maulenbay Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Гвардейск қалашығы, Қордай ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан
  • A. S. Rsaliyev Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Гвардейск қалашығы, Қордай ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.09

Аңдатпа

Жапырақ сары дағы Pyrenophora tritici-repentis Drechsler гемибиотрофты санырауқулағы арқылы туындайтын, Казақстанның барлық аймағына таралған бидайдың қауіпті ауруы. «Бидай-патоген» патожүйесінің өз ара қарым-қатынасы бірден бір талқыланатын мәселе болумен қатар, ол әлемдегі фитопатологтар, генетиктер мен селекционерлер арасында қызығушылық тудыруда. Фитопатогендерді популяциялық зерттеу, бидайдың генетикалық қорғалу стратегиясын негіздеу үшін қажет, бұл патогендердің нәсілдік құрамының динамикасын сипаттауға, өсірілген бидай сорттарының саңырауқұлақтар популяциясының өзгергіштігіне және негізгі өсімдіктердегі төзімді гендердің тиімділігіне баға беруге мүмкіндік береді. Осы зерттеудің мақсаты – Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында өсірілетін коммерциялық күздік бидай сорттарынан жиналған жапырақ сары дағы популяцияларының расалық кұрамын анықтау. Зерттеуге 2018 жылы республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысынан жиналған популяциялар үлгісінен бөлінген санырауқулақтың 135 моноконидиалық изоляттары қолданылды. Ptr ToxA, Ptr ToxB және Ptr ToxC токсиндерінің индикаторлары  болып табылатын Glenlea сорты, 6В365 және 6В662 линиялары арқылы патогеннің расалары анықталды. Зерттелген аймақтарда 1 және 2 раса басым болды, сонымен қатар жекелеген популяцияларда 3 және 8 расалар кездесті. Сыналған изоляттарда ToxB анықталмады, ал барлық зерттелген популяциялар 100% ToxA гені бар изоляттардан құралды.

Кілттік сөздер: Pyrenophora tritici-repentis, бидай, популяция, изолят, раса, ТохА, ТохВ, некроз.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-15

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары