Phoma macrostoma сирек кездесетін онихомикоз қоздырғышының сипаттамасы (син. Didymella macrostoma)

Авторлар

  • E. V. Kukhar С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан, Нұр-сұлтан қ.
  • V. S. Kiyan С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми зерттеу платформа, Қазақстан, Нұр-Сұлтан

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.05

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда алғаш рет онихомикоз қоздырғышы ретінде сипатталған Phoma macrostoma штаммының биологиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Авторлар наркологиялық диспансер пациентінің зақымдалған тырнақ пластинасынан оқшауланған Phoma macrostoma целомицетінің таза мәдениетін алды және оның биологиялық қасиеттерін зерттеді: культуралды, морфологиялық, биохимиялық. Дифференциалды ортада беткейлi өсіру, агар блоктары мен скотч-препараттарда микроскопия, молекулалық-генетикалық сәйкестендіру жүргізілді. Саңырауқұлақ колониясының қалыптасу ерекшеліктері сипатталған, целомицетаға тән морфологиялық құрылымдары, көмірсулардың қалыпты ашытуы және уреаза белсенділігінің болмауы анықталған. Сабуроның декстрозды агарында 10-18 күнге дейін бозғылт қызғылт түсті жалпақ колониялар пайда болды, ортасында қызғылт реңктері бар, жиегі сарғыш, көтерілген орталығы және бедерлі радиалды жолақтары бар, реверзум–сары - қоңыр. Жеке өсу түтіктерінің пайда болуы aлғашқы 12 сағат ішінде, жалғыз жасушалардың жаппай бөлінуі және мицелиалды жіптердің өсуі – спораларды себуден 18 сағат өткен соң байқалды. Екінші күннің соңында мицелийдің күшті өсуі мен белсенді тармақталуы, жетілген мицелиалды жіптердің бойымен тығыздағыштар түрінде пикнидтердің пайда болуы, үшінші күннің соңында әртүрлі реңктердегі пикнидтер мен хламидоспоралардың пайда болуы байқалады. Піскен мөлдір, бір клеткалы, эллипсоидты пикноспоралар пикнидтерден шығып, шырышты тамшы түрінде орналасады. Штамм глюкозаға, сахарозаға, маннозға, маннитке, лактозаға қатысты орташа сахаролитикалық белсенділікпен, уреаздық белсенділіктің толық болмауымен сипатталады. Сэнгер әдісімен молекулалық-генетикалық сәйкестендіру Phoma macrostoma штаммын 100% сенімділікпен анықтауға және нуклеотидтер тізбегін GenBank-қа №MN701978.1 Didymella macrostoma 104-Kz изолят ретінде сақтауға мүмкіндік берді.

Түйін сөздер: патогеннің биологиясы, генетикалық сәйкестендіру, онихомикоздар, пикнидтер, целомицеттер

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-13

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары