Қазақстандағы Seriphidium heptapotamicum (Asteraceae) өсімдігінің биохимиясы мен анатомиялық құрылысын зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.02Аңдатпа
Қазіргі кезде өсімдіктің құрылысы мен құрамын зерттеу медицина, парфюмерия, фермер шаруашылығы және т.б. салалар үшін өте маңызды. Seriphidium heptapotamicum (Poljak) Ling & Y.R. Ling. өсімдігі күрделігүлділер тұқымдасына жатады. Бұл мақалада Seriphidium heptapotamicum өсімдігінің биохимиялық және анатомиялық ерекшеліктері талқыланды. Жаңа зерттеулерге сәйкес түрдің алдыңғы сипаттамаларына қосымша ақпарат берілді. Seriphidium heptapotamicum өсімдігінің вегетативті мүшелеріне (тамыр, сабақ, жапырақ) анатомиялық зерттеу «Парафин» әдісін қолдану арқылы жүргізілді. Seriphidium heptapotamicum өсімдігінің анатомиялық құрылысы осы уақытқа дейін зерттелмегендігі анықталды. Өсімдік тамырының көлденең кесіндісінің анатомиялық құрылысында эпидермис қорғаушы ұлпа ретінде сыртқы қабатын қаптайды, ал эндодерма анық көрінбейді. Сабақта склеренхима қабатының жақсы дамығаны анықталды. Жапырағы тең қабырғалы. Seriphidium heptapotamicum өсімдігіне биохимиялық зерттеу жүргізілді және өсімдіктің жерүсті бөліктерінен Кливенджер аппаратының көмегімен эфир майы алынды. Нәтижесінде шыққан эфир майы 2,4%-ды құрады. Эфир майының химиялық құрамына GC-FID және GC-MS аппаратының көмегі арқылы талдау жасалды. Бұл зерттеуде Seriphidium heptapotamicum өсімдігіндегі эфир майының құрамы алынып, эфир майы 14 компоненттен тұратындығы және ондағы негізгі доминантты компоненттер туйон-41,10%, 1,8-цинеол-22,84%, β-туйон-17,45%, камфор-11,99% екендігі анықталды.
Кілтті сөздер: Seriphidium heptapotamicum, Altyn-Emel, эфир майы, GC; GC-MS.








