Қазақстандық Алтайдағы, Сауыр-Маңырақтағы және Зайсан қазаншұңқырындағы Betula l. (Betulaceae s. f. gray тұқ.) тұқымдасы түрлерінің конспектісі

Авторлар

  • Yu. A. Kotuchov Алтай ботаникалық бағы,Риддер қ., Қазақстан
  • A. N. Danilova Алтай ботаникалық бағы,Риддер қ., Қазақстан
  • O. A. Anufrieva Алтай ботаникалық бағы,Риддер қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.01

Аңдатпа

Betula L. тұқымдасының конспектісі авторлармен 1970-2019 жылдары жүргізілген далалық жұмыстар негізінде әзірленген, сондай-ақ «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (Риддер қ.) және «Ботаника және фитоинтродукция» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (Алматы қ.) гербарийінде сақталған өзге де коллекторлардың жиынтықтары қолданылған. Мақсаты: Betula L. (сем. Betulaceae S. F. Gray.) тұқымдасы түрлерінің Қазақстан Алтайы, Алтай маңы жоталары және Зайсан қазаншұңқыры аумағындағы таралуын және түрлік құрамын нақтылау. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде зерттелетін аймақта Betula L. тұқымдасының 15 түрінің және бір шағын түрінің өсетіні анықталды.  Гербарийлік үлгілерді, әдебиеттердегі мәліметтерді және жеке коллекцияларды зерттеу Қазақстандағы Betula L. тұқымдасының түрлік құрамын 7 түрмен толықтыруға мүмкіндік берді: B. x aurata Borkh., B. pseudopendula V. Vassil., B. falcata V. Vassil., B. x kelleriana Sukacz., B. х pseudomiddendorffii V. Vassil., B. talassica P. Pol., B. fruticosa subsp. montana M. Schemberg. Келесідей түрлермен толығатыны анықталды: Орталық Алтай – 3 түр (түрлердің жалпы санынан 18,8%); Оңтүстік Алтай – 11 (68,75%); Батыс Алтай – 11 (68,75%); Қалба Алтайы – 6 (37,5%); Зайсан қазаншұңқыры – 3 (18,75%); Сауыр-Маңырақ – 2 (12,5%).Қазақстандық Алтайдағы және Алтай маңы жоталарындағы флорада Betula L. тұқымдасы түрлерімен толыққандықтың орташа көрсеткіші 6-ға тең, слыстырмалы түрде төмен, бұл Betulaceae тұқымдасы зерттелетін аймақтағы бореальдық және голарктикалық флоралардың тән элементі болып табылатынын дәлелдейді.

Кілт сөздер: конспект, Betula L., тұқымдасы, Қазақстандық Алтай, Сауыр Манырақ, Зайсан ойпаты, таралуы, кездесуі.              

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-13

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары