Рекреациялық әсердің артуы жағдайындағы Алакөлдің таяз суларындағы балықтарының қауымдастығы

Авторлар

  • N. Sh. Mamilov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • F. T. Аmirbekova Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Қазақстан, Алматы
  • S. E. Sharakhmetov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • S. N. Sapargalieva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • F. Kh. Khabibullin әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология мәселелерін ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы
  • D. K. Bekkozhaeva Чех Будевцтағы Оңтүстік Богемия университеті, Аквакультура және гидроценоздардың алуантүрлілігі орталығы, Чех Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v82.i1.13

Аңдатпа

Балқаш бассейнінің аборигенді ихтиофаунасы эндемизмнің жоғарғы дәрежесімен сипатталады. Адамның тиімсіз әрекетінің нәтижесінде аборигенді балық түрлерінің ареалы қатты қысқарды. Алакөл көлі қазіргі уақытқа дейін аборигенді түрлер үшін біршама үлкен паналайтын орын болып қалған. Жүргізілген зерттеудің мақсаты таяз сулардағы балықтардың санына артып келе жатқан, рекреациялық қысымның әсер етуін зерттеу болды. Сынамаларды аулау 2015-2017 жылдар аралығында халықаралық стандарттарға сәйкес жиналды. Балық шабақтарының жағдайы биологиялық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Алакөл ихтиофаунасын зерттеудің ұзақ мерзіміне қарамастан, көптеген зерттелген түрлердің шабақтарының ұзындығы мен қоңдылығы жөніндегі мәліметтер алғаш келтірілді. Балықтардың қауымдастығын сипаттау үшін Симпсон және Шеннон алуантүрлілік көрсеткіштері қолданылды. Зерттеу кезінде аборигенді балықтардың 5 түрі кездесті: жетісу гольяны Phoxinus brachyurus, теңбіл талма-балық Triplophysa strauchii, Северцов талма-балығы Triplophysa sewerzowii, біртүсті талма-балық Triplophysa labiata, балқаш алабұғасы Perca schrenkii. Бөгде балықтар 4 түрден тұрды: сазан Cyprinus carpio, бозша мөңке Carassius gibelio, амур шабағы Pseudorasbora parva және кекіре Rhodeus ocellatus. Аборигенді балықтар түрлерінің өсу және қоңдылық көрсеткіштері қалыпты жағдайда болды. Қысқациклды бөгде балық түрлерінің саны аз және ихтиоценоздың тұрақсыз мүшелері болып табылды. Алынған мәліметтердің негізінде таяз сулы аймақтың жағдайын аборигенді балық түрлерінің көбеюі үшін қалыпты деп есептеуге болады. Аборигенді ихтиофаунаны ұзақмерзімді сақтау масқатында, көрсетілген биотоптан 300-метрлік аймаққа шектеулі режимді енгізу ұсынылады.

Түйін сөздер: Алакөл көлі, рекреациялы, аборигенді, бөгде, ихтиофауна.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-08-14