«Көлсай көлдері» мтұп жартылай қаттықанаттыларының (Heteroptera: инфраотряд Pentatomomorpha І) алуантүрлілігі

Авторлар

  • D. Akimzhanov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • P. A. Esenbekova ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты» РМК, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v82.i1.11

Аңдатпа

МҰТП «Көлсай көлдері» территориясынан 2019 жылғы жүргізілген зерттеулер бойынша жартылай қаттықанаттылардың 4 тұқымдасына жататын 19 түрі анықталды. Бұлардың арасында түр құрамының көптігімен ерекшеленетін тұқымдастар Aradidae (9 түр), Berytidae (6 түр), ал Piesmatidae тұқымдасынан 3 түр, Pyrrhocoridae – 1 түр белгілі. Жартылай қаттықанаттылар қоректік байланысы жағынан фитофагтар – 10 түр (53%), мицетофагтар - 8 түр (42%), зоофитофагтар – 1 түр (5%) болып бөлінеді. Олар тіршілік формасына қарай  дендробионттар (9 түр, 47%), хортобионттар (8 түр, 42%), герпетобионттар  (1 түр, 5,5%), герпето-хортобионттар (1 түр, 5,5%) болып бөлінеді. Ал жылына ұрпақ беруі жағынан ациклді (9 түр, 47%), моновольтинді (6 түр, 32%), бивольтинді (2 түр, 10,5%) және поливольтинді, яғни жылына 2-3 рет ұрпақ береді (2 түр, 10,5%). Жартылай қаттықанаттылар әртүрлі даму сатысында қыстайды, олардың ішінде ересек дарасы күйінде 11 түр (58%), ересек дарасы мен дернәсілдері сатысында – 7 түр (37%), дернәсілдері – 1 түр (5%) қыстайды. Көлсай көлдері» табиғи паркі жартылай қаттықанаттылары мезофильді экологиялық топқа жатады.

Түйін сөздер: жартылай қаттықанаттылар, ұлттық табиғи парк «Көлсай көлдері», Оңтүстік-Шығыс Қазақстан.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-08-14

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары