Репродуктивті функциясының бұзылыстары бар жасөспірім қыздарда гипофизарлы-гонадалық жүйенің гормоналды күйін зерттеу

Авторлар

  • O. A. Deyeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • S. S. Ledyaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • D. S. Kadirbaeva Молекулалық медицина орталығы, Қазақстан, Алматы
  • G. T. Srayilova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v83.i2.12

Аңдатпа

Пубертат кезеңі-ағзаның қалыптасуының ең күрделі кезеңдерінің бірі. Бұл кезең морфологиялық және функционалдық қайта бөлінумен сипатталады. Организм көп мөлшерде шығаратын жыныстық гормондардың әсерінен нейроэндокриндік жүйе қайта құрылады. Ауыр оқу жүктемелер, ақпараттық асқын кернеу, эмоциялық күйзеліс, ұйқы және сергектік режимнің бұзылуы, қоршаған ортаның қолайсыз әсері физиологиялық көрсеткіштердің қалыптыдан теріс өзгеруіне ықпал етеді.  Мұндай жағдайларда ұзақ уақыт болу физиологиялық функциялардың нормадан ауытқуына және осының салдарынан репродуктивті органдар функцияларының бұзылуына әкеледі. Бұл жұмыстың мақсаты Алматы қаласындағы мектеп жасындағы қыздардың   қанында гипофизарлы (ЛГ, ФСГ), жыныстық (тестостерон, эстрадиол) және тиреотропты (ТТГ) гормондарды зерттеу. Зерттеулер молекулярлық медицина орталығында жүргізілді. 12 жастан 16 жасқа дейінгі Алматы қаласының 70 қызының гормондарына кешенді талдау жүргізілді. Нәтижелер ИФТ әдісімен алынды. ФСГ гормондарының орташа нормалық мәні 5,08±0,19 МЕ/л, ЛГ 5,14±0,35 МЕ/л, ЛГ/ФСГ 1,22±0,03, эстрадиол 13,6 – 190,4 пг/мл, тестостерон 0,7±0,07 нг/мл, ТТГ 2,06±0,11 мкМЕ/л . Зерттелетін оқушылардың көпшілігінде гормонның жоғарылауына қарай нормадан ауытқулар анықталды және орта есеппен ЛГ 12,1±0,53 МЕ/л, ЛГ/ФСГ 2,52±0,17, эстрадиол 395±0,28 пг/мл, тестостерон 2,99±0,12 нг/мл, 3,7±0,02 мкМЕ/л. тең. Анықталған ауытқулар қолайсыз экологиялық жағдайларға байланысты болуы мүмкін, өйткені Алматы ТМД елдері арасында ең ластанған қалалар тізімінде.

Түйін сөздер: репродуктивті жүйесі, лютеиндеуші гормон (ЛГ), фолликулстимулдеуші гормон (ФСГ), эстрадиол, тестостерон, ТТГ

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-13

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары