Қазақстандық құртқашаш түрлерін жерсіңдіру
DOI:
https://doi.org/10.26577//eb.2020.v83.i2.02Аңдатпа
Әр түрлі деректерге сүйенсек, Қазақстан флорасында құртқашаштың 19 (22) түрі кездеседі, оның ішінде 3 түрі (Iris alberti Regel, I. ludwigii Maxim, I. tigridia Bunge) сирек, I. ludwigii, I. alberti эндемикалық болып табылады. Дәстүрлі медицинада 8 түрі қолданылады. Жабайы құртқашаштың көпшілігі Қазақстанның оңтүстік-шығысында әр түрлі экологиялық жағдайда өседі, олар Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тау бөктерімен Балқаш-Алакөл қазаңшұңқырының шөлді аймағына дейін кездеседі.
2015–2019 жылдары (Іле Алатауының бөктері, Оңтүстік Балқаш) табиғи мекендейтін құртқашаш түрлері өсімдік күйінде жерсіңдірілуге тартылып, сонымен қатар делектус бойынша тұқыммен алмасып, дәрілік өсімдіктер жер телімінде құртқашаш түрлерін қалпына келтіру мақсатында, олардың маусымдық дамуының ерекшеліктерін, БББ аумағында ұсақ бөлшектерде егу жағдайында тұқымның көбею мүмкіндіктері мен жемістенуі жерсіңдіріліп зерттелді.
Зерттеулерде жалпы қабылданған жерсіңдіру әдістемесімен жергілікті жағдайларға байланысты шамалы модефикациялық өзгертулер қолданылды.
Нәтижесінде сыналған құртқашаш түрлері транслокацияны жақсы көтереді. Өсімдік күйінде жерсіңдірілуге тартылған барлық 4 түр фенологиялық даму кезеңінен өтеді және гүлдейді, 2 түрі үнемі толыққанды тұқым береді.
Жабайы құртқашаш тұқымдарының көбеюі өте төмен нәтиже береді, өсіп келе жатқан көшеттердің өсіп-өнуі кезеңі, яғни жылдар бойы көшеттердің өсу кезеңінің ұзартылуы қиындатылады, жоғарыда келтірілген әдебиеттер олардың тұқымының өсу потенциалы төмен екендігі туралы тағы да растайды. Сонымен қатар, бізбен қарастырылған кейбір нұсқауларда егістікке дейінгі алдын-ала өңдеу тәсілдері құртқашаш тұқымдарының көбеюінің тиімді тәсілі болып табылады.
Түйін сөздер: құртқашаштар, жерсіңдіру, Қазақстан








