Отандық картоп сұрыптарының in vitro культурасындағы тікелей регенерация ерекшеліктері

Авторлар

  • L. S. Abeuova Ұлттық биотехнология орталығы ҒК БҒМ ҚР, Қазақстан, Нұр-Сұлтан
  • B. R. Kali Ұлттық биотехнология орталығы ҒК БҒМ ҚР, Қазақстан, Нұр-Сұлтан
  • A. O. Rakhimzhanova Ұлттық биотехнология орталығы ҒК БҒМ ҚР, Қазақстан, Нұр-Сұлтан
  • S. S. Bekkuzhina Ұлттық биотехнология орталығы ҒК БҒМ ҚР, Қазақстан, Нұр-Сұлтан
  • Sh. A. Manabayeva National center for biotechnology, Kazakhstan, Nur-Sultan

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v83.i2.04

Аңдатпа

Дүниежүзілік өсімдік шаруашылығы өндірісінде картоп бидай, күріш және жүгеріден кейін төртінші орынды алады. Картоп дақылы аса жоғары тағамдық құндылыққа ие болғандықтан, биотехнологияның заманауи әдістерін, атап айтқанда, картоп геномын редактирлеуді талап етеді. Сондықтан, in vitro тікелей регенерацияның тиімді жүйесі осы технологияны одан әрі сәтті қолдану үшін маңызды қадам болып табылады.

Тәжірибелер нәтижесінде отандық сұрыптардан тікелей регенерация үшін оңтайлы қоректік орта таңдалды. Фитогормондардың әртүрлі комбинациясы мен концентрациясы бар ортаның сегіз нұсқасының ішінен 1,0 мг/л зеатин, 7 мг/л гиббереллин қышқылы және 0,1 мг/л индолилсірке қышқылы бар ең тиімді орта анықталды. Регенерантты өсімдіктер барлық сұрыптардан алынды. Регенерациялық жиілік жапырақ экспланттарымен салыстырғанда сабақтарда жоғары көрсеткішті көрсетті. Тура регенерациялауға арналған қоректік ортаның нұсқасына және сұрыптарға байланысты бір экспланттағы кіші өркендер саны 1-ден 25-ке дейін өзгерді. Осыған орай, отандық селекция сұрыптарының тікелей органогенезге жоғары қабілеттілігі анықталды.

Түйінді сөздер: тікелей регенерация, картоп, отандық сұрыптар, регенерант, in vitro.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ