Орталық Қазақстан ұсақ шоқысының жайылымдық жерлерін ресурстық бағалау және олардың экологиялық-фитоценоздық құрылымы
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2020.v82.i1.03Аңдатпа
Аталған жұмыста Орталық Қазақстанның жайылымдық алқаптарын кешенді зерттеу нәтижелері көрсетіледі. Зерттеу жұмыстары Қарағанды облысының аумағында Орталық Қазақстан ұсақ адырының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде жүргізілген. Мақалада «Атамұра-Табыс» ЖШС және «Ер-Дос» ШҚ екі модельді шаруашылықтарының өсімдік қауымдастықтары мен жайылымдық жер ресурстарының толық геоботаникалық сипаттамасы берілген. Зерттелінген аумақтың барлық өсімдік қоғамдастықтары бойынша жүйелі талдау түрлердің ең көп саны Poaceae; Asteraceae; Rosaceae; Lamiaceae және Scrophulariaceae тұқымдастарынан шоғырланғанын көрсетеді. «Атамұра-Табыс» ЖШС өсімдік қоғамдастықтарының жемдік құндылығының сапасын бағалау нәтижелері бойынша бұталары бар айрауықты-бетегелі-жусанды далалар және түрлі шөпті-атқонақты-бетегелі-бидайықты шалғынды далалар қауымдастығының өнімділігі, жайылымдық алқаптар сапасының орташа көрсеткішімен 19,2 ц/га және 29,6 ц/га құрайды. Жемдік маңызы бар қауымдастықтар әртүрлі шөпті-дәнді және дәнді-түрлі шөпті шабындықтардың қоғамдастығымен сипатталады, бұл жағдайда түрлер жоғары әрі жемдік құндылыққа ие және өнімділігі 30,4 ц/га құрайды. «Ер-Дос» ШҚ өсімдік қоғамдастықтарында жайылымдық алқаптар сапасының орташа көрсеткіші түрлі шөпті-бетегелі-тобылғы далалар мен түрлі шөпті-дәнді қоғамдастықтардың қатысуымен өзен алқабындағы батпақты шалғындармен сипатталады, орташа өнімділігі 14,1 және 17,2 ц/га құрайды. Далалы галофитті шалғындардағы қауымдастықтардың өнімділігі 7,3 ц/га құрайды және оларды төмен азықтық маңызы бар жайылымдарға жатқызады.
Түйін сөздер: Жайылым жерлер, мал шаруашылығы, Орталық-Қазақстанның ұсақ адыры, Қараганды облысы, Қазақстан Республикасы, өнімділік, өсімдіктер, ресурстар








