Thuja occidentalis L. және Platycladus orientalis (L.) Franco өсімдіктерінің анатомиялық құрылысы және күлділік құрамы
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2020.v82.i1.02Аңдатпа
Мақалада батыс туясы Thuja occidentalis L. және шығыс туясы Platycladus orientalis (L.) Franco қылқан жапырақтарының салыстырмалы анатомиялық құрылысы қарастырылды және күл қалдықтарынан микро- және макроэлементтері құрамы зерттелді.
Біріншіден, әр түрлі нүктелерде кездескен Thuja occidentalis L. және Platycladus orientalis (L.) Franco өсімдіктері қылқан жапырақтарының анатомиялық құрылысы Страсбургер-Флемминг әдісімен фиксацияланып, зерттеу жалпы қабылданған әдіс бойынша жүргізілді. Екіншіден, осы нүктелерден жиналған Thuja occidentalis L. және Platycladus orientalis (L.) Franco өсімдіктері жапырақтарының құрамы «Optima 8300» индуктивті плазмамен байланысқан эмиссиялық спектрометр приборы арқылы эмиссионды спектральды талдау әдісімен сыналды, сұйық заттар құрамындағы микро- және макроэлементтері күлділік мөлшерін анықтау әдісімен жоғары дәлділікпен анықталды.
Анатомиялық құрылысын зерттеу барысында, Platycladus orientalis (L.) Franco қылқан жапырағының көлденең кесіндісі изобилатералды, устьицалар аномоцитті, ортаңғы жүйкесінің екі жағында шайыр қуыстары кездесетіндігі анықталды. Ал, күлінің құрамын анықтау барысында, Thuja occidentalis L. және Platycladus orientalis (L.) Franco түрлері жапырақтарында Ca, Fe, Mg карбонаттарына бай екенін көрсетті. Микроэлементтер Cu, Mn, Mo, Al, Li, Sr, W екі түрде де кездесті, бірақ, қалайы Sn T. оccidentalis өсімдігінде айқындалмады, ультрамикроэлементтер As, Cs, Ti, Nb, Zr, Sе екі өсімдікте кездесетіндігін зерттеу нәтижесі көрсетті.
Түйін сөздер: Thuja occidentalis L., Platycladus orientalis (L.) Franco, анатомия, күлділік, микро-, макроэлементер.








