Павлодар обылысының жабайы құстарының трематодтарының екі тұқымдасқа жататын құрттармен зақымдануының паразитологиялық жіктеуі және фаунасы

Авторлар

  • D. G. Maralbayeva
  • K. K. Аkhmetov
  • R. M. Ualieva
  • M. K. Insebaeva С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университеті, Қазақстан, Павлодар

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-4-b9

Аңдатпа

Табиғи факторлармен (климаттың өзгеруі) және адамның әсерімен байланысты болып жатқан экосистемдік трансформациялар аясында әртүрлі жануарлардың паразиттерінің трансмиссия жолдарын зерттеу өзекті проблема болып табылады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты паразиттер мен паразитарлық жүйелердің ортаның өзгеретін жағдайларында өмір сүру ерекшеліктерін зерттеу көкейтесті болып табылады. Бұл мақала Қазақстанның Павлодар облысы аумағындағы Plathelminthes типті Trematoda класы өкілдерінің екі таксоны бойынша көпжылдық мәліметтерді талдауға арналған.

Зерттеудің мақсаты Prosthogonimidae және Echinostomatidae тұқымдастарының трематодтары бойынша деректердің паразитологиялық талдауы және гельминттердің таралу ошақтарының ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Жоғарыда аталған тұқымдастарда алғаш рет тексерілген түрлердегі құстардың инвазиясының экстенсивтілік көрсеткіштері, молшылық индексінің көрсеткіштері анықталды, зерттелетін аймақтың аумағындағы ие-құстардың таксономиялық орнынан жоғарыда аталған көрсеткіштердің ерекшеліктері анықталды.

Жабайы құстардың Plathelminthes типті Trematoda класы өкілдерінің Prosthogonimidae және Echinostomatidae тұқымдастарының фаунасы мен таралуын зерттеу Павлодар облысында құстар простогонимозының айтарлықтай кең ошақтарының соңғы жылдары өзгеріске ұшырайтын жай-күйінің бар екенін айтуға мүмкіндік береді. Жабайы құстардың эхиностомозы өңірдің суда жүзетін аңшылық кәсіпшілік түрлерінде таралған. Жабайы құстар трематодоздар ошақтарын қолдауды қамтамасыз етеді.

Түйін сөздер: гельминттер, трематодалар, жабайы құстар, фауна, паразитологиялық зерттеу.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-23

Журналдың саны

Бөлім

ПАРАЗИТОЛОГИЯ