Химия өнімдерінің және эпифит бактериялардың бактериялық күйік қоздырғышына (Erwinia amylovora) қарсы тиімділігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-4-b6Аңдатпа
Жылыжай жағдайында алма ағаштарға E. amylovora жоғары инфекциялық қысым жасау арқылы жүргізілген модельдік сынақтарда алдын ала бір рет Aliette 80WG қолдану, толық гүлдену кезеңінде бактериялық күйікті 60-70% дейін тиімді төмендеткені анықталды. Бір реттік қолданумен салыстырғанда, осы өнімді екінші рет пайдаланғаннан кейін тиімділіктің айтарлықтай артуы байқалмады. Алайда, Aliette терминалдық бұтақтарды қорғауда тиімсіз болды. Гүлдерді қорғауда да, алманың өркенін қорғауда да мыс купоросы негізіндегі Miedzian 50WP препараты жоғары тиімділікті көрсетті, бірақ ол гүлдердің жапырақтарында фитоуыттылықты тудырды. Сондай-ақ алмұрттың піспеген жемістерінің тілімдеріне сынақтар жүргізу барысында, бұл өнім олардың қонырқай түске боялуына әкеп соқты. Жалпы, алмұртының піспеген жемістерінің тілімдеріне жүргізілген сынықтарында әртүрлі рецептуралар мен бактериялық изоляттар арасындағы ең жоғары тиімділікті А15 (Pantoea agglomerans) бактериялық изолятымен өңдеу кезінде (96%) екені анықталынды; басқа да антибиотик негізінде тиімді препараттар Kasumin 2L (94%) және Miedzian 50WP (89%) болды. Айта кету керек, құрамында Cu бар Controlphyt Cu бақылау препараты, тамырдан тыс және топырақ тыңайтқышы, 0,4% концентрациясын енгізген кезде 71%-ға дейін және 0,2% кезінде 41%-ға дейін жоғары тиімділікті көрсетті.
Түйін сөздер: Алюминий фосэтилі, мыс, касугамицин, биоконтроль, алма, алмұрт.








