Кетпен-Темерлік жотасының аумағындағы флористикалық кешендердің биоәртүрлілігі

Авторлар

  • G. A. Sadyrova

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-1-1403

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан мен Қытай шегіндегі Кетпен-Темерлік жотасының флористикалық кешендерінің биоалуандылығын талдауы келтірілген. Көпжылдық флористикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша 593 туыс және 120 тұқымдастарға жататын түтікті өсімдіктердің 1890 түрі анықталған. Өсімдіктердің түр құрамы бойынша Кетпен-Темерлік жотасының зерттелетін аумағында Magnoliophyta бөлімі басым екендігін көрсетті, оның үлесіне 98,4% және 1,6% Pinophyta, Polypodiophyta, Lycopodiophyta және Equisetophyta жатады. Бұл жерде Magnoliopsida түрлік және туыстық құрамы бойынша Liliopsida-дан 5 еседен артық. Қосжарнақты өсімдіктердің жалпы саны 1510 түрі бар, бұл 80% құрайды, даражарнақты өсімдіктердің барлығы 350 түрі бар. Кетпен-Темерлік жотасы 13 флористикалық кешенге бөлінді: шөлді, шөлді-дала, шалғынды, шалғынды-орман, жапырақты-орман, қылқан жапырақты-орман, криофильді-шалғынды, дала, ағаш-бұта, петрофильді, сулы-батпақты, жағалау-сулы және синантропты. Кетпен-Темерлік жотасында шалғынды-орман, дала, қылқан жапырақты-орман, криофильді-шалғынды, петрофильді, ағаш-бұта, гипсонос-гаммадты және түрлі-түсті флористикалық (ландшафтыгеографиялық) кешендері басым болып табылады. Түйін сөздер: биоалуантүрлілік, флора, Кетпен жотасы, Темерлік, флористикалық кешендері.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-05-04