Ағынды сулардың шламын компостациялау үшін микроорганизмдердің белсенді штаммдарының скринингі

Авторлар

  • E. Zh. Khasenova
  • A. Zh. Ayupova
  • D. Zh. Sembaeva
  • A. S. Sarsenova
  • N. B. Moldagulova
  • M. S. Duambekov

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-4-1369

Аңдатпа

Ағын сулардың тұнбаларын, көң мен құстардың саңғырықтарын қордаландыру  -  органикалық қалдықтарды биоконверсиялаудың бір әдісі, сол арқылы экологиялық таза, сонымен қатар тиімді тыңайтқыш алуға мүмкіндік бар.  Осы мәселені шешудің ең тиімді жолы қаттыфазалы аэробты ферментация арқылы ашытылғын тұнбаны қордаландыру. Жұмыстың  мақсаты - ағын сулардың тұнбаларын қордаландыру үшін белсенді штамдарды іріктеу. Астана мен Қарағанды қалаларындығы кәріз тазарту мекемелерінен алынған ағын сулар мен лайлы тұнба сынамаларынан мезофильді және термофильді бактериялар бөлініп алынды. Бөлініп алынған бактериялар көмегімен органикалық тыңайтқыштарды алу мақсатта ағын сулардың лайлы тұнбаларын қордаландыру әдісі  жүзеге асады.

Ағын сулардың лайлы тұнбаларын қордаландыру үшін ферментативті белсенділігі арқылы белсенді мкроағзалар штамдарына іріктеу жасалды. Бөлініп алынған белсенді штамдарға ферментативтік белсенділікке баға беру (липазды, амилолитикалық, протеолитикалық, целлюлолитикалық, мұнай мен ББЗ ыдырату қабілеті) жұмыстары жүргізілді. Алынған нәтижелер негізінде 13 аса блсенді штамдар таңдалды. 

Фенотипті және генетикалық сәйкестендіру жүргізілгеннен кейін бөлініп алынған микроағзалар келесі физиологиялық топтарға жатқызылды: Bacillus fusiformis, Pseudomonas lundensis, Bacillus amyloligiefaciens, Bacillus mojavensis, Enterobacter sp., Bacillus pumilus, Ochrobactrum sp., Bacillus coagulans, Enterobacter cloacae, Bacillus subtilis , Bacillus licheniformisBacillus clausii. Қорыта келгенде, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ағын сулардың лайлы тұнбаларын қордаландыру үшін  микроағзалар бөлініп алып, белсенді микроағзалар штамдары іріктеліп алынды.

 

Түйін сөздер: микроағзалар, лайлы тұнба, қалдықтарды қордаландыру, ағын су.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-31

Журналдың саны

Бөлім

МИКРОБИОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары