Остеопорозбен байлaнысқан сүйек сынуды түзетуде остеофильді полимермен өңделген адипозды мезенхимальді бағаналы жасушалармен жасушалық терапия әдісін қолдану
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-4-1364Аңдатпа
Остеопороз - бұл сүйек массасының төмендеуімен және сүйектің микроархитектоникасының бұзулуымен сипатталатын, сүйек зақымдалуының жоғарылауына және сынудың жоғары тәуекеліне әкелетін прогрессивті жүйелі ауру. Остеопороздағы сүйек тығыздығының және беріктігінің регрессі остеокласттардың функционалдық белсенділігінің артуымен ғана емес, остеобласттардың прекурсорлық жасушаларының санының азаюымен және «остеогендік жеткіліксіздіктің» дамуымен байланысты. Остеопорозбен байланысты сынықтар кезінде сынған сүйектің баяу бітіп кетуі орталығында остеогенездің прогениторлық жасушалар популяциясын және остеокластикалық белсенділікті тежеу үшін синтетикалық остеофильді бисфосфонат полимерімен функционалданған адипозді мезенхималды бағаналы жасушалармен жасушалық терапияның жаңа әдісін ұсындық. Бұл мақалада остеофильді полимердің синтезі, МҰ-МБЖ біртекті жасуша мәдениетін алу, алынған жасуша популяциясының тазалығын бағалау, МҰ-МБЖ-дің пролиферациясы мен остеогендік дифференциациясы бойынша полимердің әсерін зерттеу және оның остеокласттік белсенділігін in vitro жағдайында емдеу қабілетін зерттеу туралы мәліметтер келтірілген. Алынған мәліметтерге сәйкес, полимер цитотоксикалық емес, МҰ-МБЖ in vitro пролиферация жылдамдығына әсер етпейді, ал полимердің МҰ-МБЖ -ны полимермен модификациясы олардың остеогендік дифференциалау процестеріне әсер етпейді, сонымен бірге сүйек кемегінің макрофагтарының фагоцитарлық белсенділігін төмеңдедеті. Зерттеу нәтижелері бойынша остеофильді полимермен функционалданған МҰ-МБЖ -лар зертханалық жануарларда остеопорозбен байланысты түтікшелі сүйек сынықтарына негізделген жануарлар үлгісін қолдану арқылы in vivo жағдайында репаративті остеогенезді ынталандыруды тиімділігін бағалау үшін эксперименттерде ұсынылатын әдіс қолданыла алады.
Кілт сөздер: остеопороз, остеокластар, репаративті остеогенез, адипозді бағаналы жасушалар остеофильныйді полимер, жасушалық терапия.








